Құрметті сарқандықтар!
Жиынға қатысушылар!
Өткен жыл ауданымыз үшін жаңа жетістіктер мен әлеуметтік жаңару жолында алға қарай қадам жасаған жыл болды. Президенттің Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауда бірқатар оң өзгерістерге қол жеткіздік. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аудан экономикасы тұрақты дамып келеді.
Қалыптасқан дәстүр бойынша өздеріңізге 2020 жылғы аудан бойынша аткарылған жұмыстардың қорытынды есебiн ұсынып отырмын.
2020 жылы аудан әкімдігінде 379 өтініш тіркелді, оның ішінде аудан әкімінің жеке қабылдауында болған 105 азаматтың өтініші және жеке, заңды тұлғалардан жазбаша түскен 274 өтініш. Бүгінге 379 өтініштің 71 өтініші қанағаттандырылды, 1 өтініштің қаралуы тоқтатылды, 13 – уәкілетті органдарға жолданды, 288 өтініш бойынша түсініктеме берілді және 6 – қаралу үстінде.
Аудан әкімдігінің 384 қаулы және негізгі қызмет бойынша аудан әкімнің 85 өкімі тіркелді.
Өткен жылы аудан әкімдігінде 9749 кіріс құжаттары тіркеліп, шығыс құжаттарының саны 3698-ке жетті.
Жалпы алғанда, төмендегі көрсеткіштерге қарап, өткен жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жақсы деуге болады.
Ағымдағы жылы аграрлық секторда 45 млрд. 174 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 107,6% құрады.
Өнеркәсіпте 7 млрд. 366 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 131% құрады.
Негізгі капиталға 8 млрд. 353 млн. теңге инвестиция тартылды, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,1 пайызды құрап отыр.
Жыл басынан 6 млрд. 284 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды, сәйкес кезеңге 67,8 пайыз.
Бюджетке түскен салық түсімдері 2 млрд. 48 млн. теңгені құрайды, былтырғы жылға 121,8 пайыз.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түсетін түсімдер 760 млн. 900 мың теңгені құрап, былтырғы жылға 113,4%.
Аудан бойынша 1759 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары негізгі 4 бағытқа бөлінген:
І. Ауыл шаруашылығы.
2020 жылы ашылған жаңа жобалар: Қарабөгет ауылында «Абылкасымов» ШҚ 120 басқа арналған мал бордақылау алаңын өз қаражаты есебінен 75 млн. теңгеге салды. Тұрақты 5 адамға жаңа жұмыс орны ашылды.
Сарқан қаласында «Байдаулетова» ШҚ 15 басқа арналған мал бордақылау алаңын өз қаражаты есебінен 300 млн. теңгеге салды. 7 жаңа жұмыс орны ашылды.
«Ануар» жеке кәсіпкері 150,0 млн.теңгеге жем өндіретін цех және қуаты жылына 5000 тонна мини-жем өндіретін цех ашты. 15 жаңа жұмыс орны ашылды.
2021 жылы бірнеше жоба жоспарланып отыр. Атап айтсақ:
Черкасск а/о Қарғалы ауылында «AZIA GOLD» ЖШС дәрілік шөп өндіретін кәсіпорны жобалық құны: 442,7 млн.теңге ашылып, 35 адамға тұрақты жұмыс орындары ашылады. (Өз қаражаты есебінен: 192,7 млн.теңге. Инвестор Martin Bauer Group: 250 млн.теңге., кепкен түймедақ шөбін 75 тоннадан бастап 200 тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда).
Амангелді а/о «BASKAN RIV» ЖШС ұсақ малдарын асылдандыру бағытында 20000 басқа дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Жобаның құны: 2 млрд. теңге. Екінші кезеңде 600 бас ІҚМ арналған тауарлы-сүт кешенін ашу жоспраланып отыр. Жоба құны 1500,0 млн. теңге. 70 адамға тұрақты жұмыс орындары ашылады.
«Душкин» ШҚ элиталық тұқым өсіретін кәсіпорын болып табылады, 1,2,3 репродукциялы элиталық тұқым өсіретін шаруашылық жобасы іске асырылады. «Soufflet Kazakhstan Malt Plant» АҚ-на жылына 12 мың тоннаға дейін уыт арпасын жеткізу жоспарлануда. Ағымдағы жылы «Жетісу ӘКК» - ке 340,0 млн.теңге сомасына дәнді дақылдар үшін СЖТ құруға өтінім берілді. 35 жаңа жұмыс орны құрылады.
Қойлық а/о отгонында «Арлан» ШҚ Бершимбеков Қайрат 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңын өз қаражаты есебінен 1 млрд. 057 млн.теңгеге салады. Жоба көлемі 685 тонна ет жылына. 30 адамға тұрақты жұмыс орындары ашылады.
Амангелді а/о (Алмалы а/о 12000 га, Екіаша а/о 18000 га жәйілім жерлері) «Jetisy Beef» ЖШС 10000 бастан туратын 3 мал бордақылау алаңын ашуды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны: 19 млрд. 250 млн.теңге. Инвестор Tyson Foods. Жоба құны 980 тонна ет жылына. 150 адамға жаңа жұмыс орындары ашылады.
Сарқан қаласында «SAIRANBEK AGRO» ЖШС 275 млн.теңге астық сақтайтын қойма және дәнді дақылдарды өңдейтін қуаттылығы жылына 55000 тонна шығаратын өндіріс орынын салуды жоспарлап отыр, 25 жұмыс орны құрылады.Өңірде жалпы ұзындығы 784 км болатын су каналдар арқылы 33206 га суармалы жерге тасымалданады.Ол үшін Тәуке каналынның күрделі жөндеу жұмыстарына 504,2 млн. теңге, ал Ащили-Өзекке 384,5 млн. теңге қажет. Жобалар бойынша барлығы 888 млн. 700 мың теңге.
ІІ. Экономика.
Шағын кәсіпкерлік саласындағы 2605 субъектіде 5677 адам жұмыс жасайды, өндірілген өнімнің көлемі 17 млрд. 70 млн. теңге (2019ж. – 14772,9 млн.теңге), салықтық аударымдар былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,4% немесе 760 млн. 900 мың теңгені құрайды (2019ж.- 671,1 млн.теңге). Жергілікті бюджетке шағын және орта бизнестен түсетін салықтық түсімдердегі үлесі 45,1 пайызды құрады. (2019 жылы 56,7 % құраған).
Инвестиция.
Сарқан ауданы бойынша 2020-2023 жылдарға арналған инвестициялық жобалар келесідей:
«Басқан пауер» ЖШС-гі қуаттылығы 4,2 МВт және 4,8 МВт болатын су электр станцияларының құрылысының жобасын іске асыруда. Жобаны іске асыру үшін жеке қаржы есебінен 11 млрд.700 млн. теңге көлемінде қаражат тарту және 50 тұрақты жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
«МТиК» ЖШС–ң су электр станциясын салу жобасы инвестициялық жоба ретінде танылды. Жоба қуаттылығы 50мВт. Жобаны іске асыру барысында 20 тұрақты жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жобаның инвестициялық көлемі 1 млрд. 200 млн. теңге.
«Абай 2» ЖШС – гі қуаттылығы 50 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы іске асырылады. Жобаның инвестициялық көлемі 19 млрд. 400 млн. теңге. 50 тұрақты жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Сарқан қаласында «Жетысу контактор» ЖШС контактор өндіру зауытын салуды жоспарлап отыр. Жоба қуаттылығы жылына 3000 дана. Жоба құны 100,0 млн. теңге.
Туризм.
Экономиканың дамуында туризмнің алар орны ерекше. Осы орайда тау туризмді дамыту үшін 4 жаңа ұзақ мерзімді жобалар 620 млн. тенгеге жоспарланған.
1.Турбаза «Большой Баскан» шатқалында инвестор «Sadu Development» ЖШС, инвестиция көлемі 120 млн. теңге.
2.Турбаза «Жалаңаш» шатқалында инвестор «AQPANASSETS» ЖШС, инвестиция көлемі 350 млн. теңге.
3.Турбаза «Чолак–жота» шатқалында, «Sadu Development» ЖШС, инвестиция көлемі 100 млн. теңге.
Ол үшін Тополевка - Жалаңаш тау жолдарын 250,6 млн. теңгеге жөндеу қажет. Бұл туристік маршруттар мен туристік ағындардың санын көбейтеді. 2020 жылы Балқаш көлі жағалауының ХҚЖ үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына қажетті сома 4,3 миллиард теңгені құрайды. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін 13,0 млрд.теңгеге инвестиция тарту және 7000 адамға жаңа маусымдық жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен автожолының бойында 410-467 км аумақты жоспарлау жобасын әзірлеу үшін. Сарқан ауданына 8,4 мил. теңге қажет. Бұл жоба жол бойындағы қызметті дамытуға, Сарқан аймағында қызмет көрсету нысандарының желісін салуға бағытталған. Сонымен қатар, бұл шағын және орта бизнесті белсенді дамытуға мүмкіндік береді.
ІІІ. Коммуналдық шаруашылық блок.
Құрылыс.
Есепті кезеңде құрылыс саласында 6300 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,1 пайызды құрады. Жыл соңына дейін жоспар 6 500 шаршы метрге орындалады (2019ж- 4461,9 шаршы метр).
Биылғы жылы Сарқан қаласында 5 қабатты 50 пәтерден тұратын тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның жалпы құны: 580 млн. 503 мың теңге. Мердігер мекеме: «Golden City DS» ЖШС. Шарт бойынша құны: 484 млн.765 мың тг. Жұмыспен қамтылғандар саны: 26 адам. Шарт бойынша жөндеу жұмыстары 2021 жылғы 30 сәуір аяқтау көзделген.
2021 жылы Сарқан қаласында 2 қабатты 20 пәтерлі тұрғын үйдің құрлысы басталады.
Келесі жылдары 2 қабатты 60 пәтерден тұратын тұрғын үйдің және 5 қабатты 60 пәтерден тұратын 2 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.
Сумен қамтылу.
Сарқан ауданында 12 ауылдық округ және Сарқан қаласы бар. Жалпы саны 36 елді мекен. Бүгінгі таңда ауданда халықты орталық ауыз сумен қамтамасыз ету 98,7 пайызды құрайды. Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы – 320 км.оның төменгі жағынан – 34,3 км, көшеден – 153,3 км , орамішілік – 122,4 км. орталық сумен жабдықтау жолдарының жалпы тозуы-30-40 пайызды құрайды.
2021 жылы Сарқан ауданында 4 елді мекенде сумен жабдықтау желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған. Бұл-Қарабөгет, М.Төлебаев, Екіаша, Қарғалы ауылдары. Барлық 4 жөндеудің сметалық құжаттары бар. Елді мекендердегі сумен жабдықтау желілерін ағымдағы жұмыстарына 235,377 млн. теңге қаражат бөлінді.
Сарқан қаласының ауыз су мәселесі
Бүгінгі таңда Сарқан қаласында халық саны 14800 адам, 4588 аула бар. Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы - 71 км.
Сарқан қаласының арық жүйесі
Сарқан ауданының Сарқан қаласы Алатау тауының етегінде орналасқан. Қаланың топырағы минералдарға өте бай. Әр аулада өз бақшасы бар үйде көкөністер өсіріледі. Көптеген тұрғындар өз бақшасында өсірілген көкөністер мен жемістерді сату арқылы қосымша қаражат табады. Қаланың арық желілерінің ұзындығы 190 км құрайды, олардың барлығы бейімделген жер арықтары.
Келесі 2021 жылға жоспар бойынша бұл жобаны жүзеге асыруға қаражат бөлінді. Яғни жоба бойынша құрылыс жұмыстары 2021 жылы бастау алады.
Жолдар.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстарына барлығы 23 нысан бойынша 716 млн. 652 мың теңге бөлінді. 15 нысанға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді 615 млн. 652 мың теңге, 8 нысан ағымды жөндеу жұмыстары 101 млн. теңге.
Бүгінгі таңға Сарқан ауданының жергілікті аудандық манызы бар жолдардын 58 пайызы жақсы және қанағаттанарлық деңгейде. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 48 пайызды құраған.
Сарқан ауданындағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 2020 жылға 3 521, 707 млн. теңге қарастырылған.
Сарқан ауданының облыстық маңыздағы 683,7 км автомобиль жолдарын ағымды жөндеу жұмыстарына және күтіп ұстауға 2 468,1 млн. теңге, аудандық маңызы бар 683,7 км автомобиль жолдарының жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына 1015,9 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп, жұмыстар атқарылды. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 337,0 млн. теңге. Биылғы жылға 680,8 млн. теңге бөлінді.
ІV.Әлеуметтік сала.
Білім беру.
Ауданда 30 жалпы білім беретін мектеп (7605 оқушы), 11 балабақша (5 жекеменшік, 6 мемлекеттік) және 18 шағын мектеп орталықтары (1687 бала) жұмыс істейді. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100% құрады.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының аясында Сарқан аудандық білім бөлімінің Ерікті орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің күрделі жөндеу жұмыстарына 239 млн. 138 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасының шеңберінде «Сарқан аудандық білім бөлімінің Екіаша орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің күрделі жөндеу жұмыстарына 720 млн. 443 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі кезде демеушілердің көмегімен Сарқан ауданының Тасқұдық, К.Қазыбаев ауылдарындағы бастауыш мектеп құрылысы басталып, жұмысы жүргізілуде. 2 жобаның жалпы құны: 90 млн. теңге. Әр бастауыш мектептің ауданы: 181.0 шаршы метр.
Сарқан ауданындағы 2 мектептің ғимаратын күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді. (Көкөзек, Пограничник ауылдары).
Денсаулық сақтау.
Сарқан ауданында 27 медициналық мекеме бар. Оларда 66 дәрігер, 356 медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.
2020 жылы перзентхана ғимаратын 105 төсектік стационар мен 100 келімді әйелдер емханасына қайта салу жұмыстары жалғасты. Бөлінген қаржы - 2 млрд 423 млн. 978 мың теңге, оның ішінде медициналық қондырғыларға: 947 млн. 117 мың тенге.
Көкөзек ауылындағы фельдшерлік амбулаториялық пунктінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны: 45 млн. теңге. Ғимараттың ауданы: 170,0 шаршы метр.
Мәдениет.
2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша Қарабөгет ауылдық мәдениет үйінің қайта жаңғыртуына 264 млн. 931 мың теңге бөлініп. Ауылдық клуб 1975 жылы салынған. Ғимараттың жалпы көлемі 700 м2, 1 қабатты. 220 орынға арналған.
2021 жылы Көктерек ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Мәдениет үйі 1994 жылы салынған. Ғимараттың жалпы көлемі 777 кв.м. 220 орынға арналған, 2 қабатты.
Алмалы ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу қажет. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 18,6 млн.теңге қаражат қажет.
Спорт және дене шынықтыру.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының аясында Сарқан ауданының Алмалы, Бақалы, Көкөзек ауылдарында спорт алаңдарын орнату және жайластыру жобасының жалпы құны 45,0 млн.теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме: «Бағалы Алакөл» ЖШС. Жұмыспен қамтылған саны: 11 адам, оның 6-ы жұмыспен қамту орталығы арқылы. Шарт бойынша жөндеу жұмыстары 2020 жылғы 30 қарашаға аяқтау көзделген.
Сарқан қаласында типтік спорт алаңын орнату бойынша жұмыстарына 21 млн. 319 мың. теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылы 1. Сарқан қаласында «Спорттық-сауықтыру кешенінің» құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 60,0 млн.теңге.
Жобалардың жалпы құны: 650,0 млн.теңге.
Ішкі істер бөлімі.
Сарқан қаласында 1 стационарлық полиция бекетін сатып алу үшін 9,7 млн. теңге қаражат қажет. Пограничник ауылында полиция бекетінің құрылысына құрылыс-монтаждау жұмыстарына 25,0 млн.теңге қаражат қажет. Құрметті жерлестер!Жоғарыда баяндалғандай алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан осы жолда бәріміз бірігіп әр салада қызмет атқарып, мақсаттарға жетеміз деп нық сенім білдіремін! Назарларыңызға рахмет!