Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынатын кандидаттарды ұсыну және тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1 ЭТАП
1) Құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені, саяси партияны, қоғамдық бірлестікті Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде тіркеу, құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;
2) азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
4) жеке куәлігінің көшірмесі;
Құжаттар келіп түскеннен кейін Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне және Полиция департаментіне сұраулар жіберіледі; жауаптар алынған соң, комиссия кандидаттардың талаптарға сәйкестігін қарау үшін жиналып, тиісті хаттамаға қол қояды.
Бұл туралы кандидатқа хабарланады, оған сайлау жарнасын төлеуге қажетті деректемелер беріледі және декларация тапсыру талабы еске салынады.
2 ЭТАП
5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне — 2026 жылғы 1 қазанға);
6) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде — 85 000 × 5 = 425 000 теңге);
7) өлшемі 3×4 см фотосурет - 1 дана және өлшемі 9×15 см фотосурет - электрондық форматта.
Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін кандидат тіркеуге жатады, тиісті Хаттамаға қол қойылады.
Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылытын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.
Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық сайлау округтері бойынша өзін-өзі ұсыну және кандидаттарды тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1 ЭТАП
1) Осы сайлау округі бойынша кандидат ретінде сайлауға түсу ниеті туралы өтініш;
2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
3) жеке куәлігінің көшірмесі;
Құжаттар келіп түскеннен кейін Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне және Полиция департаментіне сұраулар жіберіледі; жауаптар алынған соң, комиссия кандидаттардың талаптарға сәйкестігін қарау үшін жиналып, тиісті хаттамаға қол қояды.
Бұл туралы кандидатқа хабарланады, оған сайлау жарнасын төлеуге қажетті деректемелер беріледі және декларация тапсыру талабы еске салынады.
2 ЭТАП
4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне — 2026 жылғы 1 қазанға);
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде — 85 000 × 5 = 425 000 теңге);
6) өлшемі 3×4 см фотосурет - 1 дана және өлшемі 9×15 см фотосурет - электрондық форматта.