Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарқан аудандық мәслихатының «Сарқан ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 51-196 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №220346 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
1.«2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 11 158 140мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 4 547 369 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 267 384 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 457 736 мың теңге;
трансферттер түсімі 5 885 651 мың теңге;
2) шығындар 12 011 931 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 118 803 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 173 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 54 197 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 157 155 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 157 155 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) -1 129 749 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 1 129 749 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 1 323 280 теңге;
қарыздарды өтеу 468 677 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 275 146 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы |
|
МРазбеков |