Сарқан ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2, және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер 6 338 147 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:

          салықтық түсімдер 718 274   мың теңге;

          салықтық емес түсімдер 64 618   мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 19 459   мың теңге;

          трансферттер түсімі 5 535 796   мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 265 312 мың теңге;

нысаналы даму трансферттер 363 764 мың теңге;

субвенциялар 4 906 720 мың теңге;

          2) шығындар  6 338 147  мың теңге.

          3) таза бюджеттік кредиттеу  51 769 мың теңге, оның ішінде:

          бюджеттік кредиттер  75 168 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу 23 399 мың теңге;

  • қаржы активтері мен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5)  бюджет тапшылығы (профициті) (-) 51 769 мың теңге;

6)  бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 51 769 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін субвенциялардың көлемдері көзделсін, оның ішінде:
  2. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2021 жылға арналған резерві 10 689 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық маңызы бар қала,  ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға;

          

Көрсетілген трансферттерді аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер бюджеттеріне бөлу Сарқан ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2021 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының «Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

        

 

 Сарқан аудандық

мәслихатының сессия төрағасы                                                       

 

                                      

Сарқан аудандық

мәслихатының хатшысы                                                         

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 декабря 2020