Сарқан ауданы әкімі аппаратының, Сарқан қаласы әкімі аппаратының, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және Сарқан ауданы бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Сарқан ауданы әкімі аппаратының, Сарқан қаласы әкімі аппаратының, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және Сарқан ауданы бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

 

Сарқан қаласы                                                                     2026 жылғы 02 маусым

 

  1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

 

Сарқан ауданы әкімі аппаратының, Сарқан қаласы әкімі аппаратының, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және Сарқан ауданы бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Сарқан ауданы әкімі аппараты басшысының 2026 жылғы 24 сәуірдегі №15-ө н/қ өкімі негізінде жүргізіліп, 2025 жылғы жұмыс кезеңін қамтылды.

Сарқан ауданы әкімі аппараты Сарқан ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №270 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызмет атқарады.

Сарқан қаласы 2022 жылғы 15 шілдедегі № 183  қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызмет атқарады.

Алмалы ауылдық округі  2023 жылғы 06 қарашадағы № 363  қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызмет атқарады.

Аманбөктер ауылдық округі  2022 жылғы 15 шілдедегі № 183  қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызмет атқарады.

Амангелді ауылдық округі  2022 жылғы 15 шілдедегі № 182  қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызмет атқарады.

Бақалы  ауылдық округі  2022 жылғы 15 шілдедегі № 183  қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызмет атқарады.

 Екіаша ауылдық округі  2025 жылғы 23 шілдедегі № 272  қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызмет атқарады.

Қарабөгет ауылдық округі  2022 жылғы 15 шілдедегі № 183  қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызмет атқарады.

Қарашыған ауылдық округі  2022 жылғы 15 шілдедегі № 183  қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызмет атқарады.

Қойлық ауылдық округі  2023 жылғы 06 қарашадағы № 363  қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызмет атқарады.

Көктерек ауылдық округі  2022 жылғы 15 шілдедегі № 183  қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызмет атқарады.

Лепсі ауылдық округі  2025 жылғы 18 қарашадағы № 393  қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызмет атқарады.

Черкасск ауылдық округі  2022 жылғы 15 шілдедегі № 183  қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызмет атқарады.

Шатырбай ауылдық округі  2022 жылғы 15 шілдедегі № 183  қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызмет атқарады.

 

Сарқан ауданының бөлімдері келесі қаулылармен бекітілген Ережелер негізінде қызмет атқарады:


            Сарқан ауданының бөлімдері Сарқан ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Ережелер негізінде өз қызметін жүзеге асырады: 2025 жылғы 13 қарашадағы №392 қаулымен бекітілген «Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 2022 жылғы 15 шілдедегі №182 қаулымен бекітілген «Сарқан ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 2025 жылғы 12 тамыздағы №286 қаулымен бекітілген «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 2024 жылғы 15 шілдедегі №328 қаулымен бекітілген «Сарқан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 2022 жылғы 15 шілдедегі №182 қаулымен бекітілген «Сарқан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 2025 жылғы 13 қарашадағы №392 қаулымен бекітілген «Сарқан ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 2025 жылғы 4 ақпандағы №39 қаулымен бекітілген «Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. САРҚАН АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ, САРҚАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР ӘКІМДЕРІ АППАРАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ САРҚАН АУДАНЫ БӨЛІМДЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

2.1. Сарқан ауданы әкімі аппараты, Сарқан қаласы әкімі аппараты, ауылдық округтер әкімдері аппараттары және Сарқан ауданы бөлімдері өз қызметінде келесі заңнамалық актілерді басшылыққа алады:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  3. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  4. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі;
  5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  6. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  7. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  8. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  9. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  10. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  11. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  12. Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
  13. Қазақстан Республикасының Жер кодексі;
  14. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
  15. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
  16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 қаулысы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
  17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»;
  18. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы №1118 қаулысы «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері туралы»;
  19. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №335 қаулысы «Мемлекеттік органдар аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормалары және телефон байланысын пайдалану нормалары туралы»;
  20. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысы «Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлар туралы»;
  21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемақы белгілеу қағидаларын бекіту туралы»;
  22. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығы «Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы»;
  23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығы «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидалары туралы»;
  24. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы №227 бұйрығы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы»;
  25. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы №167 бұйрығы «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы»;
  26. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
  27. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы №630 қаулысы;
  28. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы.

 

2.2. Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша
(қайшылықтар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т.б.)

 

Ішкі талдау барысында жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына алғышарт жасайтын жекелеген нормаларды анықтады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №288 бұйрығымен бекітілген қағидалардың 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, жеке көмекші – бірінші топтағы жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамды алып жүру және объектілерге бару кезінде көмек көрсететін тұлға болып табылады.

Сонымен қатар, қолданыстағы қағидаларда алып жүру қызметіне кіретін әрекеттердің нақты тізбесі, көрсетілетін көмектің көлемі мен объектілердің түрлері айқындалмаған. Нормалардың жеткілікті деңгейде нақтыланбауы әртүрлі түсіндіруге, қызметтің формалды көрсетілуіне және іс жүзінде көрсетілмеген уақыт үшін негізсіз ақы есептеу тәуекелдеріне алып келуі мүмкін.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 163-бабының                          2-тармағына сәйкес, жеке көмекші қызметтері бірінші топтағы жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамдарға күніне сегіз сағаттан аспайтын көлемде көрсетіледі.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 69-бабы                            3-тармағына сәйкес, I және II топтағы мүгедектігі бар қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді.

 

Ұсыным:


          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жеке көмекші қызметін көрсету тетігін жетілдіру, қызмет көлемін алушының нақты қажеттілігі мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып икемді түрде белгілеу жөнінде ұсыныс енгізу.

         «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік қызметі, сондай-ақ «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік етуге, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтері қазіргі уақытта тек қағаз нысанында көрсетіледі, себебі ХҚКО ақпараттық жүйесінде аталған қызметтерді көрсету мүмкіндігі қарастырылмаған.

 

Ұсыным:


           Сарқан ауданы азаматтары үшін ХҚКО ақпараттық жүйелерін «Е-Собес» базасымен интеграциялау бойынша ұсыныс енгізу, бұл қызмет алушы мен орындаушы арасындағы тікелей байланысты азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

 

III. САРҚАН АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ, САРҚАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР ӘКІМДЕРІ АППАРАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ САРҚАН АУДАНЫ БӨЛІМДЕРІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

3.1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы бағыты бойынша

 

  1. «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына кандидаттарды іріктеу және тағайындау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы №196 «Әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Конкурс өткізілместен ауыстыру тәртібімен «Б» корпусының бос немесе уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына тағайындау Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Әңгімелесу сұрақтары бос лауазым туралы хабарландыруда көрсетілген функционалдық міндеттерге, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға және ситуациялық жағдайларға байланысты Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысымен келісу арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді және әңгімелесу өткізілгенге дейін бір күн бұрын «Е-қызмет» жүйесіне енгізіледі.
  4. Жұмысқа қабылданған лауазымды тұлғалар арасында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 22 мемлекеттік орган жұмыс істеді. Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 133 бірлікті құрады, нақты жұмыс істейтіндер саны – 121, бос орындар саны – 12.

2025 жылдың қаңтар айынан бастап аудан бойынша 8 ішкі конкурс және 78 жалпы конкурс жарияланып, олардың нәтижелері бойынша 30 адам тағайындалды. Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында барлық конкурстық комиссиялардың жұмысына аудандық мәслихат депутаттары бақылаушы ретінде қатысады. Конкурсқа қатысушылардың тестілеуден өткені туралы сертификаттары қажетті құжаттар келіп түскен сайын арнайы ақпараттық жүйе арқылы түпнұсқалығы тексеріледі. 2025 жылы аталған рәсім бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданатын немесе мемлекеттік қызметі тоқтатылғаннан кейін қайта қабылданатын барлық мамандар Жетісу облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінде міндетті арнайы тексеруден өтеді.

2025 жылдың қаңтар айынан бастап бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу конкурсының қорытындысы бойынша ұсынылған 17 адамға қатысты сұрау салулар жолданды. Сонымен қатар барлық кандидаттар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық сервис» дерекқоры арқылы тексеріледі.

Ауданның мемлекеттік мекемелерінде мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшылармен аффилиирленуі және жақын туыстарының бірлесіп жұмыс істеу жағдайлары тіркелмеген.

2025 жылы 45 маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

3.2. Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша

 

Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары:

  1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51-бабы талаптарын ескере отырып, жақын туыстардың тікелей бағыныстылығы және бір аудан шегінде басшылық лауазымдарды атқару фактілері анықталған жоқ;
  2. мүдделер қақтығысын мониторингтеу және реттеу функциялары аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне жүктелген;
  3. мүдделер қақтығысы бойынша ақпарат тоқсан сайын Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне ұсынылады;
  4. «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін талдау барысында тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер арасында аффилиирлену фактілері анықталған жоқ.

Қызметкерлердің жеке құжаттарын зерделеу арқылы жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың бірлесіп қызмет атқару фактілері тексерілді. Мұндай фактілер анықталған жоқ.

 

3.3. Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша

 

Сарқан ауданының жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік органдарда ақпараттық стендтермен жабдықталған арнайы орындар ұйымдастырылған, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету үшін қажетті жағдайлар қарастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен аудандық бөлімдер «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы қызмет көрсету мерзімдеріне күн сайын бақылау жүргізеді. Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алу тәуекелі ең көп Сарқан қаласы әкімінің аппаратында байқалады.

Мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарда мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіретін полиграфиялық материалдар (постерлер) әзірленді. 2025 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 97 мақала жарияланып, аудан әкімінің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында 2 бейнеролик орналастырылды. Сонымен қатар аудан әкімінің ресми сайтында аудандық бөлімдер, ауылдық округтер әкімдіктері және Сарқан қаласы әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің қағидалары жарияланған.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жақсарту мақсатында ауданда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері өткізіліп тұрады.

2025 жылы 22 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу тәсілдері түсіндіріліп, консультациялық көмек көрсетілді. Мемлекеттік органдардың өкілдері өз қызметтерін таныстырып, жадынамалар таратып, баннерлер арқылы халыққа ақпарат берді.

Ішкі бақылау шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес 2025 жылы 7 бақылау іс-шарасы өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша 7 ұсыным әзірленді.

Арнайы мониторингтік топ. Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мақсатында аудан әкімінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы №06-ө н/қ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі мониторингтік топ құру туралы» өкімімен мониторингтік топ құрылды.

Мониторингтік топ құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, депутаттар және қоғамдық кеңес мүшелері енгізілді. Талдау тобы 2025 жылы ауданның 8 мекемесіне талдау жүргізді.

Талдау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша талдамалық парақтар толтырылды (мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасау мәселелері бойынша). Нәтижесінде анықталған 8 кемшіліктің барлығы толық жойылды.

Барлығы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 3637. Оның ішінде:

қағаз түрінде көрсетілгені – 391;

қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілгені – 716;

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгені – 383;

«Электрондық үкімет» веб-порталы (ЭҮП) арқылы көрсетілгені – 1959;

«Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілгені – 571.

Қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 36. Бас тартылған қызметтердің 3 түрі бойынша тыңдаулар өткізіліп, тыңдау хаттамалары рәсімделді.

Белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер және көрсетілген қызметтердің сапасына қатысты шағымдар тіркелген жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен қамтылған халық саны – 24 767 адам.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарына 22 маман қатысып, тиісті сертификаттар алды.

Жасырын мемлекеттік қызметтер бойынша ұсыныстар:

«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша қолданыстағы қағидаларға сәйкес қызмет көрсетушілер ретінде облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары және аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері айқындалған. Алайда бұл қызмет кенттерде, ауылдарда және ауылдық округтерде қолжетімсіз болып отыр.

Ұсыныс: қызмет көрсетушілер қатарына кент, ауыл және ауылдық округ әкімдерін енгізу.

Сонымен қатар аталған мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері қағидаларға сәйкес:

Қызмет көрсетушінің кеңсесі және «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Алайда портал арқылы өтініш қабылдау мүмкіндігі болмағандықтан, мемлекеттік органдар өтініштерді кеңсе арқылы қабылдауға мәжбүр. Аталған қызмет Egov порталында автоматтандырылмаған.

«Кент және ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың 8-тармағында мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің орыс тіліндегі мәтінінде бірінші кезең бойынша 1-тармақ, оның 1) тармақшасы және 2) тармақшасы көрсетілмеген.

Ұсыныс: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №287 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың №1 қосымшасының 8-тармағындағы орыс тіліндегі мәтінді сәйкестендіру.

«Жер учаскесін жалдау шартының телнұсқасын беру туралы» мемлекеттік қызметі бойынша мемлекеттік қызметтер тізілімінің орыс тіліндегі нұсқасында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сілтеме көрсетілмеген.

Ұсыныс: мемлекеттік қызметтер тізілімінің орыс тіліндегі нұсқасына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сілтеме енгізу.

Ұсыныс ретінде халық арасында мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында тақырыптық мақалалар жариялау, акциялар, ашық есік күндері және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелерін ұйымдастыру ұсынылады.

 

3.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 бұйрығымен бекітілген «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, оның қолданылу мерзімін ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларына» сәйкес «Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2022 жылғы 16 мамырдан бастап «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, оның қолданылу мерзімін ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

2025 жылы 415 рұқсат беріліп, 127 рұқсаттың қолданылу мерзімі ұзартылды.

Сарқан ауданы әкімінің аппараты мен ауданның ауылдық округтері туралы ережелерге сәйкес, аталған мемлекеттік органдар рұқсат беру функцияларына ие емес.

«Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі талдау кезеңінде келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетті:

  • күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың дайындық паспортын беру – 1 қызмет;
  • қауіпті техникалық құрылғылар мен қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою – 5 қызмет;
  • тұрғын үй сертификаттарын беру – 2 қызмет;
  • мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру бойынша 18 өтініш тіркеліп, тұрғын үй комиссиясының қарауына ұсынылды, оның ішінде комиссия шешімімен 14 азаматтың тұрғын үйді жекешелендіру туралы өтініші мақұлданды;
  • қауіпті өндірістік объектілерді салу, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және тарату жөніндегі жобалау құжаттамасын келісу – 2 қызмет;
  • жобалауға арналған техникалық шарт беру – 1 қызмет.

Қалған бөлімдер рұқсат беру функцияларына ие емес.

Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

3.5. Бақылау функцияларын іске асыру бағыты бойынша

 

Сарқан ауданы әкімдігі қаулыларымен бекітілген ережелерге сәйкес Сарқан ауданы әкімі аппараты, Сарқан қаласы әкімінің аппараты, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары және Сарқан ауданы бөлімдері бақылау функцияларына ие емес.

 

3.6. Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша

 

2025 жылы аудан әкімі аппаратына және оған ведомстволық бағынысты 26 мемлекеттік мекемеге жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1478 өтініш келіп түсті (оның ішінде аудан әкімі аппаратына – 1108). Барлық өтініштер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімдер бұзылмай қаралды.

1478 өтініштің 1385-і мемлекеттік органдарда қаралып, қалған 93 өтініш әрі қарай қарау және жауап беру үшін құзыретті органдарға жолданды. Қаралған 1385 өтініштің 576-сы бойынша әкімшілік актілер қабылданды, оның ішінде 496-сы қолайлы сипаттағы актілер болды. 673 өтініш бойынша жеңілдетілген әкімшілік рәсім тәртібімен жауап берілді, 29 өтініш назарға алынды, 107 өтініштің қаралуы тоқтатылды.

Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен 215 жеке қабылдау өткізіліп, олардың барысында 574 азамат қабылданды. Оның ішінде аудан әкімі 47 жеке қабылдау өткізіп, 142 азаматты қабылдады. Аудан әкімінің орынбасарлары 11 жеке қабылдау өткізіп, 15 азаматты қабылдады. Мемлекеттік мекемелердің басшылары 157 жеке қабылдау өткізіп, 374 азаматты қабылдады. Жеке қабылдаулар барысында көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер берілді.

Мемлекеттік қызметтерді алу мақсатында ауданның 318 азаматы «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы өтінімдер тапсырды.

Ұсынылады:

Заңдылықтың анықталған бұзушылықтарын жою бойынша шұғыл шаралар қабылдау, сондай-ақ Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларын сақтау мәселелері бойынша қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Талдау барысында Сарқан ауданы әкімі аппаратының, Сарқан қаласы әкімдігі аппаратының, ауылдық округ әкімдері аппараттарының және Сарқан ауданы бөлімдерінің мемлекеттік сатып алулары 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізілетіні анықталды.

Қаралып отырған кезеңде Сарқан ауданы әкімі аппараты 135 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

ашық конкурс тәсілімен – 5;

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 52;

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 33;

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 45.

2025 жылы «Сарқан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 26 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды, оның ішінде:

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 12;

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 7;

электрондық дүкен арқылы – 0;

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 7.

Талдау барысында мемлекеттік сатып алулардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатыны анықталды.

«Сарқан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 38 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды, оның ішінде:

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 12;

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 18;

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 8.

2025 жылы «Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 46 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 8;

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 11;

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 39;

электрондық дүкен арқылы – 3;

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша – 1.

Қаралып отырған кезеңде «Сарқан ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 37 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды, оның ішінде:

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 4;

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 6;

электрондық дүкен арқылы – 3;

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 11;

рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілген конкурс – 4;

тұрғын үй сатып алу – 9.

2025 жылы «Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 84 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды, оның ішінде:

ашық конкурс – 14;

баға ұсыныстарын сұрату – 33;

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 27;

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 10.

2025 жылы «Сарқан ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі 23 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 6;

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 15;

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 2.

2025 жылы «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі 45 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 7;

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 22;

электрондық дүкен арқылы – 5;

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 10;

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша – 1.

Алмалы ауылдық округі әкімі аппараты 45 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 29;

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 20.

Көктерек ауылдық округі әкімі аппараты 39 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

ашық конкурс тәсілімен – 3;

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 29;

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 7.

Екіаша ауылдық округі әкімі аппараты:

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 14;

бір көзден сатып алу тәсілімен – 9;

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 11 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды.

Қойлық ауылдық округі әкімі аппараты 48 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 20;

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 13;

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 15.

Көктерек ауылдық округі әкімі аппараты 51 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

ашық конкурс тәсілімен;

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 16;

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 9;

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 26.

Қарабөгет ауылдық округі әкімі аппараты 21 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

ашық конкурс тәсілімен – 4;

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 12;

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 5.

Амангелді ауылдық округі әкімі аппараты 45 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 9;

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 16;

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 19.

2025 жылы Сарқан қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік сатып алулар жоспарына сәйкес 244 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды, оның ішінде:

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 65;

бір көзден сатып алу тәсілімен – 157;

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 22.

Аманбөктер ауылдық округі әкімі аппараты 45 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 29;

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 16.

Черкасск ауылдық округі әкімі аппараты 37 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

ашық конкурс тәсілімен – 0;

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 14;

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 12;

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 11.

Қарашыған ауылдық округі әкімі аппараты 34 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 12;

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 10;

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 8;

электрондық дүкен арқылы – 5.

Лепсі ауылдық округі әкімі аппараты 49 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 28;

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 21.

Шатырбай ауылдық округі әкімі аппараты 29 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Оның ішінде:

ашық конкурс тәсілімен – 2;

тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 7;

өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 6;

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 14.

Ұсынылады:

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласында оқыту семинарларын өткізу.

 

  1. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

 

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде жұмыс тобы келесіні ұсынады:

 

Мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық құқық

бұзушылықтарының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

Мемлекеттік қызмет саласындағы жауапты қызметкерлер арасында

қолданыстағы қағидалардың талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тоқсан сайын мақалалар жариялау, акциялар өткізу және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелерін ұйымдастыру;

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптарының қатаң сақталуын күшейту;

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын тиісті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы жоғары тұрған органға ұсыныс жолдау.

 

 

Аудан әкім аппаратының басшысы,

жұмыс тобының жетекшісі                                                          Ж.К. Мынбаев

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

 

Аудан әкімі аппаратының

заң және мемлекеттік-құқықтық

бөлімшесінің басшысы                                                                 А.Б. Жанібек

 

Аудан әкімі аппаратының

ақпараттық технологиялар және

мемлекеттік қызметтер мониторингі

бөлімінің басшысы                                                                          А.Ж. Копбаеав

 

Аудан әкімі аппаратының

персоналды басқарудың бірыңғай

қызметінің бөлімшесінің басшысының                                         М.Ж. Нусипбекова

м.а.

Аудан әкімі аппаратының

ұйымдастыру бөлімінің басшысы                                                   Ж.Е. Басшыгулов

 

Жалпы бөлімшесінің басшысы                                                      С.Н. Толеуова

 

ТАНЫСТЫ:

 

 Аудан әкімі                                                                           Ғ.Қ. М

 

Сарқан ауданы әкімі аппаратының, Сарқан қаласы әкімі аппаратының, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және Сарқан ауданы бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
04 июня 2026