«Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде, Сарқан қаласы және ауылдық округі әкімдерінің аппаратарында және аудандық бөлімдері қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау бойынша отырысының ХАТТАМАСЫ

«Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде, Сарқан қаласы және ауылдық округі әкімдерінің аппаратарында және аудандық бөлімдері қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау бойынша отырысының
ХАТТАМАСЫ

Сарқан қаласы 22 мамыр 2026 жыл

Төрағалық еткен: Есжанов Г.О – аудан әкімінің орынбасары

Қатысқандар:

Игіман Ж.М.- Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы
Жанібек А.Б..- Аудан әкімі аппаратының заң, мемлекеттік-құқық бөлімшесінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі
Мынбаев Ж.К.. – Аудан әкімінің аппарат басшысы, жұмыс тобының мүшесі
Копбаева А.Ж.- Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі
Нусипбекова М.Ж.-Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысының м.а, жұмыс тобының мүшесі
Басшығұлов Ж.Е.- Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі
Толеуова С.Н.- Сарқан аудан әкімінің аппаратының жалпы
бөлімшесінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі

Күн тәртібінде:

«Сарқан ауданы әкімінің аппараты», Сарқан қаласы және ауылдық округі әкімдерінің аппаратарында және аудандық бөлімдері мемлекеттік мекемелері қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың талдамалық есебін талқылау.
2026 жылғы 04 мамырдан 29 мамырға дейінгі кезеңде «Сарқан ауданы әкімінің аппараты», Сарқан қаласы және ауылдық округі әкімдерінің аппаратарында және аудандық бөлімдері мемлекеттік мекемелері қызметінде 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) аппараттың ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Іске асыру барысында нормативтік құқықтық актілерді қолдануға, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелерге байланысты тәуекелдер анықталды.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының бұзылуына жол бермеу, мемлекеттік қызметке қатысты сала бойынша заңдардың сақталуы, Әдеп кодексі талаптарын сақтау мақсатында ұдайы семинар түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жандандыру.
Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын тиісті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жоғары тұрған органға жіберілсін.
Мемлекеттік қызметтің жауапты қызметкерлерімен қолданыстағы Қағидалары талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Әр тоқсан сайын мақала жариялау, акция, мемлекеттік қызметтер жәрменкесін өткізу.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларының талаптарын қатаң сақтау бойынша жұмыстарын жүргізуді күшейту.
Ағымдағы жылдың 22 мамырдағы сағат 11-00-де Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі, № 111 мекенжайы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті.
Талқылау барысында қатысушылар бұл ұсыныстарды толық қолдады және ескертулер мен толықтырулар түскен жоқ.
Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Есжанов Г.О


Аудандық қоғамдық кеңестің
төрағасы Игіман Ж.М.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Мынбаев Ж.К.

Аудан әкімі аппаратының заң,
мемлекеттік-құқық бөлімшесінің
басшысы Жанібек А.Б.

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік
қызметтер мониторингі және
ақпараттық технологиялар бөлімшесінің
басшысы Копбаева А.Ж.


Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару
қызметі бөлімшесінің басшысының м.а Нусипбекова М.Ж.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру
бөлімшесінің басшысы Басшығұлов Ж.Е.

Сарқан аудан әкімінің
аппаратының жалпы бөлімшесінің
басшысы Толеуова С.Н.

 

«Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде, Сарқан қаласы және ауылдық округі әкімдерінің аппаратарында және аудандық бөлімдері қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау бойынша отырысының ХАТТАМАСЫ
Дата публикации
22 мая 2026