

Кәсіпкерлік саласы бойынша келесі жұмыстар жүргізіледі: аудан аумағында кәсіпкерлік және сауда қызметін, инвестициялық климатты, өнеркәсіпті дамыту үшін жағдай жасайды. Аудан әкімі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастырады, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу жөніндегі комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асырады. Ауданда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, форумдар, конкурстар, жәрмеңкелер, көрмелер ұйымдастырады. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалырының орындалуын ұйымдастырады және үйлестіреді. Кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және несие беру жөніндегі іс-шараларын ұйымдастырады. Аудан аумағында сауда қызметі субъектілеріне қолайлы жағдай жасау бойынша іс-шараларды дайындайды және сауда қызметін реттеуді жүзеге асырады. Өз құзіреті шегінде әлеуметтіе маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізеді. Аудан аумағында өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастырады. Кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға талдау жүргізеді. Ауданға инвесторлар тарту бойынша жұмыстар атқарады.