Акимат Саркан

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әлеуметтік қорғау

Сарқан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде: жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру, жұмыспен қамту орталығының жұмысын  үйлестіру; жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұсмыс орындарын құруды қолдау, жеке және заңды тұлғаларыдың өтініштерін қарастыру, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін, әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу, медициналық –әлеуметтік мекемелерде және үйде күтім жасау жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау; жеке оңалту бағдарламасына сәйкес  мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен және арнаулы жүріп –тұру құралдарымен, санаторлы-курорттық емделумен қамтамасыз ету,  қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру; Қазақстан Республикасының заннамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау және қолдауды ұйымдастыру, денсаулығына байланысты қамқорлық пен қорғаншылыққа мұқтаж кәмелет жасындағы азаматтарға қамқорлық және қорғаншылық рәсімдеу, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша жеке және занды тұлғалармен және мемлекетттік органдармен өзара іс-қимыл жұмыстарын жүргізу.

 

Документы
Ақпарат
04 сентября 2026
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмыстары туралы
Ақпарат
04 сентября 2026
Сарқан ауданының әкімдігі
«Жетісу облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Сарқан ауданының мансап орталығы» филиалы
Хаттама
22 июля 2026
2026 жылғы 17 шілдедегі №1 комиссия отырысының бірінші лекке қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру туралы хаттамасы
Новости
Полезные материалы
Әлеуметтік қорғау
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы

4-тен көп баласы бар көпбалалы отбасыларға отбасы балаларының санына қарай  42496 теңгеден 78000 теңгеге дейін жаңа мемлекеттік жәрдемақысы сараланған

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 23112 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.

АӘК мыналарға тағайындалмайды:

1) жан басына шаққандағы орташа табысы (23 112 теңге) белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға);

2) «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңның 2-бабы 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы;

3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы;

4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған  күннен бастап алты ай бойы;

5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

Социальные медиа

Instagram
Вконтакте
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы