

Сарқан аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі - аудан көлеміндегі аумақтардағы құрылыс объектілері бойынша жобалау жұмыстарын, құрылыстың ұйымдастыруларын үйлестіру, елді-мекендерде объектілердің құрылыстарын жүргізу және жобалау, бас жоспарларын қарау және келісу, оларды Сарқан ауданының әкіміне тапсыру, елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру және салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу болып табылады. Құрылыс қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Аумақтарды және елді мекендерді, құрылыс кешенін және инфрақұрылымды әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған Құрылыс және басқа да бағдарламаларды іске асыру. Құрылыс саласын дамыту бойынша инвестициялық мақсатты бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуге бақылауды жүзеге асыру, салаға инвестициялар тарту және оларды тиімді пайдалану үшін ынталандырушы жағдайлар жасау. Жобалық және құрылыс өнімдерінің ішкі нарығын қорғау, отандық жобалау және құрылыс өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыратын жағдайларды қалыптастыру. Құрылыс саласындағы интеграциялық процестерді тереңдету.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1–бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларының» 28-тармағына сәйкес, комиссияның қорытындысы шыққаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың өтініштері арнайы есепке қойылады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда кезегіне қарай қанағаттандырылады.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері инфрақұрылыммен қамтылған арнайы дайындалған алаңдардан беріледі.
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін алаңдар елдi мекеннiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасына немесе бас жоспарына сәйкес бөлінеді.