

Білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебісін арттыруды қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттерді жүзеге асыру. балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету, мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастыру, аудан ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету, мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру, білім беру ұйымдарына оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, білім беру мониторингін жүзеге асыру.
"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына, Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес 2017 жылдан бастап облыстың еңбек нарығы қажеттіліктері бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары тағайындалады.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы білім беру мекемелеріне қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес, бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтінішті қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімшелері немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және қағаз жүзінде білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады.
Балаларды бірінші сыныпқа алу үшін қажетті құжаттар келесідей:
Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);
3 х 4 см 2 фотосурет.