Отчет

Сарқан қаласы әкімінің Бірлік ауылында

халыққа есеп  беру кездесуін  жүргізу

  Хаттамасы № 1

 

Өткізілетін орны:                       Бірлік ауылы. Бірлік орта мектеп ғимаратында

Уақыты:                                     2022 жылғы «14» ақпан, сағат 10:00

Жиналыс төрағасы: қала әкімінің м.а.                      А.Орынбеков

Жиналыс хатшысы: бас маман                                  С.Молдабекова     

 

Қадырменді  Бірлік ауылынын тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі  әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері өткізілуде.

Бүгінгі жиналысқа ардагерлер, ауыл шаруашылық еңбеккерлері, білім және денсаулық салаларының қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының барлық әлеуметтік топтары өкілдері шақырылды.

Ауыл тұрғындары 48 адам қатысып отыр.

Кездесу барысында Сіздерді елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылуы жөнінде, қаламызда  әлеуметтік-экономикалық дамуы барысынан хабардар етіп, қала бойынша өткен жылы атқарған жұмыстары туралы  қала  әкімі есеп береді.

Сонымен қатар, сіздерден ескертулер мен ұсыныстар түскен жағдайда оларды орындау мақсатында кездесулер аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітіледі.

Сонымен, күн тәртібінде бір мәселе қаралады, ол:

  1. «Сарқан қаласының әлеуметтік – экономикалық дамыту жөніндегі қала әкімінің 2021 жылы атқарған жұмысы және 2022 жылы оны одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы» Амантай Мұқанұлы Орынбековтың есебі.

           Күн тәртібі бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ,

Күн тәртібі қабылданды.

 Кездесудің келесі тәртібі мен регламентін ұсынамын:

 Қала әкімінің есебіне 10-15 минут;

  Сөйлеушілерге 3 минутқа дейін уақыт беріледі.

          Алдымен, әкімнің есебін тыңдап, сөзді жарыссөзге жазылғандарға береміз. Содан кейін ауызша және жазбаша түскен сұрақтарға жауап беріледі.

           Кездесудің тәртібі мен регламенті бойынша ескертпелеріңіз бар ма? Жоқ болса, онда кездесу жұмысын бастаймыз.

Орынбеков Амантай Мұқанұлы.«Сарқан  қаласының әлеуметтік – экономикалық дамыту жөніндегі аудан әкімінің  2021 жылы атқарған жұмысы және 2022 жылы оны одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы» есеп (мәтіні қоса беріліп отыр). Есепті тыңдадыңыздар, енді ескертулер мен ұсыныстар жасау және өздеріңіздің ой – пікірлеріңізді білдіру үшін жарыссөзге шығыңыздар:

Досономанов Тлеулес- ауыл тұрғыны ауылымызда мектеп салына бастады сол құрлысты бақылауға алғанды жөн көріп отырмыз. .

Қала әкімі: Осы ауыл тұрғандарынан топ құрып бақылауларынызға болады.

Досономанов Тлеулес- Топ құрайық  ұсыныстарынды айтындар  жақсы уақыт алмайық артынан қалып анықтармыз.

Қамбаев Амангельды: «Камбаев» шаруа қожалығынын басшысы ауыл тұрғыны - Орынбеков Амантай Мұқанұлының.«Сарқан  қаласының әлеуметтік – экономикалық дамыту жөніндегі аудан әкімінің  2021 жылы атқарған жұмысы және 2022 жылы оны одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы» есебін қанағатандырылық деп бір ауыздан есептейміз.

Жарыссөз тоқтатылсын деген ұсыныс бар. Қарсылық жоқ па? Егер жоқ болса, күн тәртібіндегі мәселе қаралды.

Сұрақтарыңыз бар ма?  Жоқ

Айтылған ескертулер мен ұсыныстар хатталады және оларды жүзеге асыру үшін дайындалатын іс – шаралар жоспарына енгізіледі. Орындалу барысынан жыл бойы сіздер БАҚ құралдары арқылы және алда өткізілетін жиындарда хабардар болып отырасыздар.

Кездесуді жүргізу жөнінде айтатын ескертулеріңіз бар ма, Жоқ болса кездесуді жабық деп жариялаймын.

Ат салысып қатысқандарыңызға  рахмет.

 

Қала әкімі                                                                                      А.Орынбеков

 

Хатшысы                                                                                       С.Молдабекова

 

 

Дата публикации
19 марта 2024