“Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты” ММ 2023 жылғы
15 қарашасындағы 246-ө өкіміне қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі
жұмыс тобының құрамы
жұмыс тобының жетекшісі
орынбасары
Жұмыс тобының мүшелері
аппаратының бас маманы
аппаратының жетекші маманы
Ақсақалдар алқасының төрағасы
“Бекітемін”
Сарқан қаласының әкімі
____________А.Орынбеков
“____” __________2023 ж.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
бойынша жұмыс жоспары
|
№ р/с |
Жұмыс түрі |
Уақыты |
Жауаптылар |
|
1 |
Қала әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау |
16-30 қараша |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы |
|
2 |
Қала әкімі аппаратының ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау |
16-30 қараша |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы |
|
3 |
Анықтамалық ақпаратты әзірлеу, қортындылау, қол қою. |
30 қараша |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы |
|
4 |
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін анықтау және бағалау |
30 қараша |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы |
Сарқан қала әкімінің
2023 жылғы 15 қарашасындағы
№ 246 өкіміне қосымша
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
“Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты” ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері
туралы
Сарқан қаласы 30 қараша 2023 жыл
Кіріспе бөлім:
Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты 2023 жылғы 15 қарашасындағы №246-өкімі " Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты, бұдан әрі әкім аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы "өкімінің негізінде 2023 жылғы 15 қарашасымен 2023 жылғы 30 қарашасы аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты 2023 жылы толығымен қамтылды.
Әкім аппараты өз қызметін Сарқан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 183 қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырады.
Ережеге сәйкес Сарқан ауданы Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты аумағында мемлекеттік саясат жүргізу, өз құзыреті шегінде жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу, тиісті аумақта әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Президенттің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:
1. Әкім аппараты өз қызметінде мыналарды басшылыққа алады:
- "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Кодексімен;
- 2015 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясымен;
- "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексімен(салық кодексі);
- ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен;
- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексімен;
- Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 Азаматтық кодексімен;
- "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Кодексімен;
- "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңымен;
- "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңымен;
- "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңымен;
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңымен;
- "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңымен;
- "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің туралы" 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ кодексімен;
- "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңымен
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен;
- Сарқан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 183 қаулысымен бекітілген Ережемен. 2. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы
Штаттық кестеге сәйкес Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің штат саны 11 бірлікті құрайды, бос жұмыс орындары жоқ. Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты 8 мемлекеттік қызметші бар, -қала әкімі, қала әкімінің орныбасары, 4 бас маман, 2 жетекші маман, сондай-ақ аппарат қызметін техникалық қамтамасыз етуді 4 техникалық қызметкер жүзеге асырады.
Жұмыс беруші техникалық қызметкерлермен шарттар жасасты және жұмыс орнында қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқама жүргізілді. Техникалық персоналды жұмысқа қабылдау және лауазымынан босату кезінде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін басшылыққа алу ұсынылады.Талданып отырған кезеңде өзгеріс болған жоқ, төмендету фактілері болған жоқ.Персоналдың ауысуы тұрғысынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде тәуекелдер анықталған жоқ.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету арқылы Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес әкім аппараты келесі мемлекеттік қызметтерді ұсынады:
- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
- Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
- Өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру
- Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберуге тіркеу.
- Жер учаскелерін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп бөліп сату.
Талданып отырған кезеңде әкім аппаратымен Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша “Электрондық үкімет” порталы арқылы көрсетілген қызмет болған жоқ. Жеке және заңды тұлғалардан мерзімді ұзартумен қаралған қызметтер жоқ.
3.1. Көзделмеген құжаттарды талап ету фактілерінің болуы.
Талдау барысында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері тіркелмегені анықталды.
3.2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процестерінің Стандартпен бекітілген нормаларға сәйкес жасалды.
Талдау барысында әкім аппараты мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процесінде бұзушылықтар жоқ екенін анықтады.
4. Азаматтардың өтініштерін қарау шеңберінде
1) әкімнің шешімдері Сарқан ауданының Әділет басқармасында тіркеледі және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" жіберіледі. Қала әкімінің өкімдерінің көшірмелері ай сайын Сарқан ауданының прокуратурасына ұсынылады, барлық өкімдер ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде сақталады. Жыл бойы әкім аппаратында жеке тұлғалардың 96 және заңды тұлғалардан 14 өтініш түскен барлығы 110 өтініш қаралды. Мерзімін ұзартумен қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері 2.
5.1. 2023 жылдың 30 қарашасына бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес 545 сатып алу жүргізілді, оның ішінде:
5.2. Баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен 529 мемлекеттік сатып алу өткізілді, жалпы сомасы 98545416 мың теңгеге келісімшарттар жасалды;5.3. Шартты тікелей жасасу әдісімен бір көзден 16 мемлекеттік сатып алу өткізілді, жалпы сомасы 11,931099 мың теңгеге келісімшарттар жасалды.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтарға жол берілмеді. 4-тармаққа сәйкес. Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңының 5, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар айына екі рет енгізіледі. Шенеуніктердің мемлекеттік сатып алуларға қатыстылығы анықталмады, барлық келісімшарттар уақытында жасалды.
Ішкі талдау нәтижесінде мемлекеттік орган басшысының жақын туыстарының, ерлі-зайыптыларының немесе құда-жекжаттарының әлеуетті жеткізушілерінің жүргізіліп жатқан мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Жоғарыда айтылғандардың негізінде ұсынамыз:
1) мемлекеттік қызметшілер мен техникалық персоналды жұмысқа қабылдау және атқаратын лауазымынан босату кезінде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін басшылыққа алуға құқылы.
Мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, Мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы қағидаты бойынша жүзеге асыру.
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық айлық ақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларын қатаң сақтауға міндетті;
3) әкім аппаратының қызметінде "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті.
4) жаза қолдану кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларын қатаң басшылыққа алуға міндетті;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолжетімді жерде орналастыруға міндетті;
7) қолданыстағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының талаптарын қатаң сақтауға міндетті;
8) ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
9) "жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтауға міндетті;
10) жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 4 ай ішінде ұсынымдардың орындалуы бойынша мониторингті жүзеге асырсын.
Сарқан қаласының әкімі А.Орынбеков
Таныстым:
Орынбеков Амантай Мұқанұлы Сарқан қаласының әкімі
жұмыс тобының жетекшісі
Тукушев Аман Балтабекұлы Сарқан қаласы әкімінің
орынбасары
Исабаева Дидар Аскербековна Сарқан қаласы әкімі
аппаратының бас маманы
Молдабекова Сарқыт Дарихатовна Сарқан қаласы әкімі
аппаратының бас маманы
Джумагельдинова Лаура Серикжановна Сарқан қаласы әкімі
аппаратының бас маманы
Аскербек Тлеужан Сарқан қаласы әкімі
аппаратының бас маманы
Досмухамбетова Эльмира Сейдулдаевна Сарқан қаласы әкімі
аппаратының жетекші маманы
Журханов Есдаулет Ескелдинович Сарқан қаласы әкімі
аппаратының бас маманы