Ереже

Сарқан ауданы әкімдігінің                2023 жылғы «06» қарашадағы №364 қаулысымен бекітілген

1-қосымша

 

 

«Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

1- тарау. Жалпы ережелер

  1. «Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) қала әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады..
  2. Әкімнің аппаратында ведомствалар жоқ.
  3. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады
  5. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  6. Әкімнің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Әкімнің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

          8 «Сарқан ауданы Сарқан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

  1. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс: 041500, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Абай көшесі, № 75.
  2. Осы Ереже «Сарқан ауданы Сарқан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
  4. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауғатыйым салынады. Егер әкім аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2- тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

  1. Мақсаттары:

          1) әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

  1. Өкілеттіктер:

          1) Құқықтары:

          1-1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

          1-2) мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға құқылы;

          1-3) мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық дерекқорларын пайдалануға құқығы бар;

          1-4) шарттар, келісімдер жасасу;

          1-5) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға құқылы;

          1-6) «Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;

          1-7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру. 

          2) Міндеттері:

          2-1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

          2-2) мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

          2-3) заңнаманың сақталмауының анықталған бұзушылықтарын жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті;

          2-4) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;

          2-5) әкім аппаратына бөлінген бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

          2-6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

          2-7) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және әкімдігінің, қала әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

          2-8)қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялар:

          1) Қала әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:

          1-1) жергілікті қоғамдастық жиынын, қала және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

          1-2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиыны мен жиналысының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

          1-3) жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және қала әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

          1-4) қала бюджетінің жоспарлануы мен орындалуын қамтамасыз етеді; ;

          1-5) жергілікті қоғамдастық жиналысына және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына қала бюджетінің атқарылуы туралы есеп ұсынады;

          1-6) қала бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды; ;

          1-7) жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

          1-8) қаланың коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша Тапсырыс беруші болады;

          1-9) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін мақсатты және тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асырады;

          1-10) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

          1-11) мүлкі қаланың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

          1-12) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекет мүддесін білдіреді, қаланың меншік құқығын (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) қорғауды жүзеге асырады;

          1-13) сенімгерлік басқарушының БҚ міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады. жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты;

          1-14)мүлкі қаланың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды дамыту жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

          1-15) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

          2) жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша қала әкімінің аппараты:

          2-1) өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

          2-2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

          2-3) шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

          2-4) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, қаланың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

          2-5) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;   

          2-6) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

          2-7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

          2-8) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

          2-9) жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

          2-10) мүлкі қаланың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі)коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;;

          2-11) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, қаланың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;

          2-12) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

          2-13) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

          2-14) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;;

          2-15) Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

  1. Әкім аппаратына басшылықты қала әкімі жүзеге асырады, ол әкім аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Әкімнің орынбасарлары болуы мүмкін.
  4. Әкімнің өкілеттіктері:

          1) әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

          2) жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

          3) бюджеттік үнемдеу есебінен жұмыскерлерді еңбек шарты бойынша қабылдайды. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген қаражат және (немесе) түсімдер;

          4) Мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

          5) қаланың тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

          6) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша қаланың авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады; ;

          7) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде қала халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

          8) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

          Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімінің болмаған кезеңде өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

  1. Әкім аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

          Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

          Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

  1. Әкім аппаратына бекітілген мүлік республикалық / коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, әкім аппаратының өзіне берілгенмүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ереже
Дата публикации
29 февраля 2024