Меню

Страницы

Статья

Бұзылған құқықтар қалпына келтірілді – әкім әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұзылған құқықтар қалпына келтірілді – әкім әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау болып табылады.

Департаментпен «Е-лицензиялау» мемлекеттік қызметтерді көрсету порталына қашықтан мониторинг жүргізу барысында көрсетілетін қызметті алушыға «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару» мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тарту фактісі анықталды.

Мемлекеттік қызметті көрсету Қағидаларына сәйкес, елді мекен шегінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгергету кезінде көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде ауданның жергілікті атқарушы органының сәулет және қала құрылысы саласындағы  құрылымдық бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушының өтінішін жолдауы қажет. Мемелекеттік мекеменің қорытындысы негізінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі анықталады.

Алайда, Ескелді ауданы Бақтыбай ауылдық округі әкімінің аппараты  қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды уәкілетті органның қорытындысын алмай ұсынған, яғни аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізсіз болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мерзімін де бұзған.

Аталған бұзушылықтар бойынша Департаментпен Ескелді ауданы әкімінің атына тиісті хат жолданып, оны қарау қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушының жер телімінің нысаналы мақсаты өзгертілуге жататындығы анықталды.

Бүгінгі күнде, қызметті алушының бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, жер телімінің нысаналы мақсаты өзгертілді.

Айта кету керек, жыл басынан бері ғана Департаментпен жүргізілген қашықтықтан бақылау барысында мемлекеттік қызметтерді көрсетуде заңнаманы бұзудың 200 астам фактілері анықталған.

Анықталған бұзушылықтардың басым көпшілігі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін бұзу болып табылады, оның ішінде қызмет алушылардың өтініштерін уақытылы тіркемеу және құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда бас тарту мерзімдерін бұзу. 

Дата публикации
06 июня 2024
Дата обновления
06 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
09 июня 2026
Мемлекеттік қызметтер
Ақпарат
06 июня 2024
Бұзылған құқықтар қалпына келтірілді – әкім әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақпарат
16 марта 2024
Ауыл шаруашылығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы