2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
АҚПАРАТ
Лепсі ауылдық округінде көрсетілетін мемлекеттік қызмерттердің саны -7, олардың ішінде:
1.Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру -0
2.Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – жеке тұлғадан – 15, заңды тұлғадан – 0 өтініш түсті.
3.Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру -0
4.Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 0
5.Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату - 0
6.Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау – 0
7.Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 0
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде қажетті жағдай жасалған. Әкімдік ғимаратының мүмкіндігі шектеулі адамдарға пандус орнатумен шектелмейді, ол 6 аймақты қамтиды. Атап айтқанда, ғимаратқа кіреберіс аймақ – пандус орнату; қозғалыс жолы – дәліздің, холлдың қолайлығы; қызмет көрсету аймағы – ғимараттағы киім ілетін орынның, тіркеу орнының, кабинеттердің жайлылығы; санитарлық аймақ – дәретхананың лайықтылығы; ақпараттық-телекоммуникациялық аймақ – қажетті ақпарат алудың қолжетімділігі; нысан аумағы – көлік тұрағының, тиісті жол белгілерінің болуы т.б.