ХАТТАМА
Лепсі ауылдық округінің
қоғамдастық жиыны
Лепсі ауылы №3 28.08.2023ж.
Қоғамадық жиынының төрағасы: Шалов Б.Ш.
Қоғамадық жиынының хатшысы: Касымова А.Т.
Шақырылғандар: Қоғамадық жиынының мүшелері
Қатысқандар: 20 адам.
КҮН ТӘРТІБІ
1) «Лепсі ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы».
Округ әкімі: Серикбаева Г.М.
Бүгін біз сіздермен Лепсі ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту үшін жиналып отырмыз.
Біз бюджетке түскен түсімдерді төмендегідей бекіттік:
1) кірістер 57924 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер 10150 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;
трансферттер түсімі 47774 мың теңге, соның ішінде:
субвенциялар 47774 мың теңге;
ағымдағы нысаналы трансферттер 0 мың теңге;
2) шығындар 57924 мың теңге.
Бюджет шығыстарының құрылымы функционалдық топтар бойынша:
1-ші функционалдық тобы бойынша
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер»
Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар -48989,0 мың теңгені құрайды оның ішінде;
Ауылдық округтер әкімінің аппаратына «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасына -48989,0 мың теңге.
7-ші функционалдық тобы
«Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық» бойынша - 7890,0 мың теңге қарастырылды оның ішінде :
Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру- 3135,0 мың теңге.
Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету- 941,0 мың теңге.
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру- 3814,0 мың теңге.
13 –ші функционалдық тобы
«Көлік және коммуникация» бойынша шығыстар -1045,0 мың теңгені құрайды, Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету -1045,0 мың теңге.
Шалов Б.- Қоғамадық жиынының төрағасы: Құрметті кездесу қатысушылары, сіздерде тағы басқа сұрақтарыңыз бар ма? Егер сұрақтарының жоқ жоқ болса біз күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешім қабылдаймыз.
Кім қарсы?ешкім. Кім қалыс қалды? ешкім.
Лепсі ауылдық округінің жергілікті коғамдастық жиналысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Бірауыздан келісу және ашық дауыс беру нәтижесінде Лепсі ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға ұсынылған бюджеті талқыланып, бекітілді.
Төрағасы: Шалов Б.Ш.
Хатшы: Касымова А.Т.