GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Байланыс ақпарат
Все материалы
Мәдениет
02 октября 2026
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 2 қазан күні тұрақты оқырмандармен қазақ балалар киносының негізін қалаушылардың бірі, кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевқа 100 жыл толуына орай «Қазақфильмнің қара баласы» атты әдеби сағат өтті.

Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 2 қазан күні тұрақты оқырмандармен қазақ балалар киносының негізін қалаушылардың бірі, кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевқа 100 жыл толуына орай «Қазақфильмнің қара баласы» атты әдеби сағат өтті. Іс-шара барысында Абдолла Қарсақбаевтың өмірі мен шығармаларына мәлімет берілді. Оның «Қазақфильм» киностудиясында еңбек еткені, Режиссердің түсірген әйгілі филмдері, олардың экранға шығу тарихы мен ұлттық киномыздағы орны туралы қысқаша жан-жақты мәлімет берілді.

02 октября 2026
2026 жылы 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Көктерек ауылдық округінің Мәдениет үйінде ауылымыздың ардақты қарттарына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өтті.

Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Көктерек ауылдық округінің Мәдениет үйінде ауылымыздың ардақты қарттарына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өтті.

Аталған мерекелік шара ауыл әкімшілігі, Мәдениет үйінің қызметкерлері және спорт нұсқаушысының ұйымдастыруымен өткізілді.

Іс-шара барысында ауылдың ақ жаулықты әжелері мен ақ сақалды аталарына құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласып, еңбегімен үлгі болған қарияларға Алғыс хаттар табысталды.

Мерекелік шарада қарттарға ізгі тілектер айтылып, көңілдеріне қуаныш сыйланды. Шара соңында ақ дастархан жайылып, ауыл қарияларына құрмет көрсетілді. Дастархан басында жылы әңгімелер айтылып, үлкендер өздерінің ақ баталары мен ізгі тілектерін білдірді.

Қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз! Қарттарымыздың ақ батасы мен өнегесі – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына.

Мәдениет
08 сентября 2026
8 сентября 2026 года в Коктерекском сельском округе состоялся круглый стол на тему «Тіл мәртебесі – ұлт мерейі».

8 сентября 2026 года в Коктерекском сельском округе состоялся круглый стол на тему «Тіл мәртебесі – ұлт мерейі».

В мероприятии приняли участие сотрудники аппарата акимата сельского округа и Дома культуры. В ходе круглого стола были обсуждены значение государственного языка в обществе, повышение статуса казахского языка и вопросы его широкого применения в повседневной жизни.

Участники отметили, что уважение к родному языку является долгом каждого гражданина, и поделились своими мнениями о путях расширения сферы применения государственного языка.

Язык – духовное ядро нации, важнейшая основа единства страны. Популяризация родного языка и повышение его статуса – общая задача каждого из нас.

Мәдениет
08 сентября 2026
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 4 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Қазақ тілі - қазақтың дара тілі» атты дөңгелек үтел өтті.

Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 4 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Қазақ тілі - қазақтың дара тілі» атты дөңгелек үтел өтті. Шараға М.Мәметова орта мектебінің оқушылары қатысты. Оқырмандарға өз ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіріп, тіл халықтың баға жетпес байлығы, ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал ететіні, ана тіліміз тәрбие құралы және адамдардың тілдік қарым-қатынасын байланыстыратын болмыс өзегі екені жайлы ұғынысты. Оқырмандар ұлы жазушылардың тіл туралы айтылған сөздері, мақал-мәтелдері мен жасырылған жұмбақтарға жарыса жауап берді. Мақсаты: мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын ой өрісін дамыту. Тіл тазалығын сақтау, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Мәдениет
31 августа 2026
ЖАСТАР ҮНІ: ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБАЛАР» 31 тамыз күні Көктерек ауылдық мәдениет үйінде мәдениет үйі қызметкерлері мен жастар нұсқаушысы Б. Жармұхамбеттің ұйымдастыруымен «Жастар үні: Жаңа идеялар мен жобалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

ЖАСТАР ҮНІ: ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБАЛАР»
31 тамыз күні Көктерек ауылдық мәдениет үйінде мәдениет үйі қызметкерлері мен жастар нұсқаушысы Б. Жармұхамбеттің ұйымдастыруымен «Жастар үні: Жаңа идеялар мен жобалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың белсенділігін арттыру, олардың тың идеялары мен бастамаларын қолдау, жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағыт-бағдар беру.
Дөңгелек үстел барысында жастар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ауыл жастарына арналған жаңа жобалар мен бастамалар туралы пікір алмасты. Сонымен қатар жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Еркін пікір алмасу форматында өткен шара қатысушыларға жаңа идеяларымен бөлісуге мүмкіндік берді.
Жастардың үні – болашақтың жарқын бастамасы!
Әрбір жақсы идея – үлкен жобаның бастауы! 🌟

31 августа 2026
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 27 тамыз күні «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты кітап көрме ұйымдастырылды

Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 27 тамыз күні «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Іс- шара барысында Ата Заңның жаңа жобасы ұсынылғаны, Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар мемлекеттің негізгі басымдықтары ретінде айқындалғаны, бұл бағыттар адами капиталды дамытуға және елдің зияткерлік әлеуетін нығайтуға негіз болғаны айтылды.
Жалпы алғанда, жаңа Ата Заң қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігін арттыруға, құқықтық мемлекетті дамытуға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.Оқырмандар Ата Заң туралы өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

31 августа 2026
Құрметті Сарқан ауданының тұрғындары! Ауданымызда алдағы 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты жылыту маусымындағы қажеттіліктеріңізге сәйкес қатты отынды (көмірді) алдын ала сатып алуды ұсынамыз. «Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
03 августа 2026
«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру және жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағында түнгі профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Іс-шара барысында құқық қорғау органдары қызметкерлері мен жастар ұйымдарының өкілдері қоғамдық орындар мен жастар көп шоғырланатын аумақтарды аралап, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру фактілеріне ерекше назар аударылып, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде кеңестер берілді. Сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын құрметтеу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Мұндай профилактикалық шаралар жастардың қауіпсіздігін арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайтуға бағытталады.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Жастар – заң мен тәртіп үшін» кездесуі өтті «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге баулу және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жастар – заң мен тәртіп үшін» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Жастар – заң мен тәртіп үшін» кездесуі өтті
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге баулу және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жастар – заң мен тәртіп үшін» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жастармен заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту, киберқауіпсіздік, құқықтық жауапкершілік және азаматтық белсенділік мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік қағидаттарын насихаттау.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы