2026 жылы Көктерек ауылдық округінде мал сою пунктін ашу жоспарлануда.
Қазіргі таңда округ тұрғындарының мал шаруашылығымен белсенді айналысуына қарамастан, малды арнайы санитарлық талаптарға сай жағдайда сою мүмкіндігі шектеулі. Бұл жағдай ауыл тұрғындарына қосымша шығын әкеліп қана қоймай, ет өнімдерінің сапасына да әсер етеді.Осыған байланысты, күніне 2,5 тоннаға дейін ет өнімін өңдеуге қауқарлы, жалпы аумағы 250-300 шаршы метрді құрайтын заманауи мал сою пунктін салу қажет. Бұл нысан барлық ветеринарлық және санитарлық талаптарға сай жабдықталып, өңірдегі экологиялық және гигиеналық стандарттарды сақтай отырып жұмыс істейтін болады.
Аймақтағы етке деген сұраныс жоғары.
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, Көктерек және оған іргелес ауылдық елді мекендерде ең көп сұранысқа ие ет түрлері — сиыр еті, жылқы еті, қой еті. Сонымен қатар, тұрғындар арасында таза, сапалы және сертификатталған ет өнімдеріне деген қажеттілік жыл сайын артып келеді.
Бұл жобаның артықшылықтары:
Қорытындылай келе, Көктерек ауылдық округінде мал сою пунктін ашу — әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, болашағы зор жоба. Ол тек табыс әкеліп қана қоймай, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартып, жергілікті инфрақұрылымды дамытуға үлкен үлес қоспақ.