Көктерек ауылдық округі бойынша жаңа жобаларды іске
асыру туралы ақпарат
2025 жылдың басында Көктерек ауылдық округінде тұрақты жұмыс орындарын құру мақсатында жаңа жобаларды іске асыру жөнінде ұсыныс енгізілген болатын. Аталған ұсыныс негізінде ауылдық округ аумағында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында құс шаруашылығын дамытуға бағытталған кооператив құрылды.
Жобаны Жаманбаев Дархан жетекшілік ететін ауыл шаруашылығы «Көктерек Д» кооперативі қолға алып, нәтижесінде қазіргі таңда құс фермасы ашылып, толыққанды жұмыс істеуде.
Құс фермасы аясында қазіргі күні 5 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыс орнымен қамтылып отыр. Бұл өз кезегінде округтегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға оң әсерін тигізуде.
Фермадағы құс саны:
Күркетауық – 870 бас
Жұмыртқа бағытындағы тауықтар – 100 бас
Қырғауыл – 200 бас
2026 жылға тағы да 2000 бас күркетауық және 500 бас жұмыртқа бағытындағы тауықтарды фермаға әкелу жоспарда тұр.
Сонымен қатар, жүріп жатқан құрылыс нысандары: Балапан шығаратын инкубатор және құс сою цехы.
Фермада құстардың күтімі, азықтандыруы және ветеринариялық бақылауы талапқа сай ұйымдастырылған. Алдағы уақытта құс санын арттыру және өнім көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, дайын өнімді жергілікті нарыққа шығару арқылы ауыл экономикасына қосымша серпін беру көзделуде.
Бұл жоба округ бойынша ауыл шаруашылығын әртараптандыру мен жаңа жұмыс орындарын ашудың жарқын үлгісі болып отыр.