«Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың І-жартыжылдық мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

2024 жылдың І-жартыжылдық мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 

«Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:

- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;

-мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;

-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;

-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;

-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;

-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;

-корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.

 

Қызметті беруші туралы мәлімет:

 

«Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Мекен жайы: индексі 041519, Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Көктерек ауылы, Арын көшесі № 17.

 

2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

 

  "Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 129 /НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілген); 2021 жылғы 30 маусымдағы № 229 /НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап пайдалануға енгізілген).

1) шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау – 0;

2) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 0;

3) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 0;

4) елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру – 0;

5) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу –0;

6) бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату – 0;

7) жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 0.

8) Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру – 0.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0.

-көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көсетілгені – 0, ақылы негізіндегі көрсетілгені – жоқ.

-қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0.

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы көрнекті ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер ілінген.

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратында ауыл тұрғындары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Мемлекеттік қызметтерді электронды цифрлыққолтаңба арқылы алу жолдарымен түсіндіріп, сұрақтар бойынша қысқаша айтып, баяндама жасалды. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

2024 жылыдың І-жартыжылдық барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

 

Көктерек ауылдық округінің әкімі                                                С.Смагулов

Дата публикации
12 июня 2024