«Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру және «Заң және тәртіп» қағидатын күшейту шеңберінде округ әкімі, учаскелік полиция және әкімшілік қызметкерлері тазалық рейдтік іс шараға шықты
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында учаскелік полиция қызметкерлері кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс шара барысында қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында учаскелік полиция қызметкерлері тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде түсіндірме берілді.
Ұлттық Домбыра күні Қойлық ауылдық округінде көптеген іс шаралар ұйымдастырылды. Домбыра- ұлттық бірегейліктің бойтұмары.
Заң мен Тәртіп идеологиясы аясында Қойлық ауылдық округінде рейдтік шара өткізілді.
Кездесу барысында Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі, заң үстемдігі, мемлекеттік билік органдарының қызметі және азаматтардың конституциялық міндеттері туралы ақпарат берілді. жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында азаматтарға интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері, олардың белгілері және сақтану жолдары туралы ақпарат берілді.
Тұрғындарға банк картасының деректерін, SMS арқылы келген кодтарды және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеу, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде белгісіз адамдардың хабарламаларына сақтықпен қарау, онлайн төлем жасау кезінде тек сенімді сайттарды пайдалану жөнінде кеңестер айтылды.
Түсіндіру жұмыстары барысында ақпараттық жадынамалар таратылып, интернет-алаяқтық фактілеріне тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарласу қажеттігі ескертілді.
Аталған шаралардың мақсаты – азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернет-алаяқтықтың құрбаны болу қаупін азайту.
Ауылымызда балалар күнің ерекше аталып өтті. Балалар концерт қойып.асфальке сурет салды. Эстафета мен асык атудан жарыс ұйымдастырылды. Әкімшілік атынан балаларға тәттілер үлестірілді. Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы "Заң мен тәртіп" идеологиясы аясында "Қауіпсіздік басты қағида" атты рейдтік жұмыстар жүргізілді. Заңды құрметтеу мен тәртіпті сақтау- саналы жастардың белгісі.