GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Все материалы
22 октября 2026
Қарашыған ауылдық округінде ауыл әкімі мен учаскелік полиция инспекторының қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қарашыған ауылдық округінде ауыл әкімі мен учаскелік полиция инспекторының қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, өз құқықтары мен міндеттерін білу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау, ауыл тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды ластамау және тазалыққа жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Әрбір тұрғынның ауылдың көркеюіне және тазалығын сақтауға үлес қосуы маңызды екені атап өтілді.
Түсіндіру жұмыстары барысында тазалық талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпті бұзбау жөнінде 4 тұрғынға ескерту жасалды.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру.

08 сентября 2026
Қарашыған ауылдық округінің М.Төлебаев ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өтті.

Қарашыған ауылдық округінің М.Төлебаев ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өтті.
Өрт сөндіру бекетінің ашылуы - ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Жаңа бекет ауыл аумағында орын алуы мүмкін өрт оқиғаларына жедел әрекет етуге, төтенше жағдайлардың алдын алуға және тұрғындардың өмірі мен мүлкін қорғауға мүмкіндік береді.
Өрт сөндіру бекеті ауыл тұрғындары үшін қажетті әрі маңызды нысандардың бірі болып, елді мекендегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға өз үлесін қосады.

26 августа 2026
"Заң және әр - қадам кепілі» Мұқан Төлебаев ауылдық мәдениет үйінде мекеме қызметкерлерінің бірлесуімен «Заң және тәртіп» тақырыбын арқау ете отырып, «Діни экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

"Заң және әр - қадам
кепілі»
Мұқан Төлебаев ауылдық мәдениет үйінде мекеме қызметкерлерінің бірлесуімен «Заң және тәртіп» тақырыбын арқау ете отырып, «Діни экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында діннің қоғамдағы орны, рухани құндылықтардың маңызы, діни сауаттылық және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері кеңінен сөз болды.
Дін - адамды имандылыққа, ізгілікке, бейбітшілік пен татулыққа үндейтін рухани құндылық. Ал заң мен тәртіпті сақтау - қоғам қауіпсіздігі мен ел тұрақтылығының басты кепілі.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - қызметкерлердің құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, теріс діни ағымдардың алдын алу және қоғамда бейбітшілік пен бірлікті нығайту. Заңға құрмет - тәртіптің бастауы, тәртіп бар жерде - қауіпсіз қоғам!

26 августа 2026
ӨНЕРДІҢ ӨНЕГЕСІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ Мұқан Төлебаев ауылдық мәдениет үйінде мекеме басшысы Қасымов Дәулет Задашұлының бастамасымен қазақ мәдениеті мен әдебиетіне өзіндік үлес қосқан қаламгер Зылиха Тамшыбаеваның шығармаларын таныстыруға арналған танымдық мәдени шара өтті.

ӨНЕРДІҢ ӨНЕГЕСІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ Мұқан Төлебаев ауылдық мәдениет үйінде мекеме басшысы Қасымов Дәулет Задашұлының бастамасымен қазақ мәдениеті мен әдебиетіне өзіндік үлес қосқан қаламгер Зылиха Тамшыбаеваның шығармаларын таныстыруға арналған танымдық мәдени шара өтті. Шараның басты мақсаты - Зылиха Тамшыбаеваның шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырманға өнегелі туындыларын таныстыру, рухани құндылықтарды дәріптеп, көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.
Кеш барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы тағылымды мәліметтер айтылып, шығармаларына шолу жасалды. Әдеби мұраны ұлықтау - өткенді тану ғана емес, ұрпаққа рухани жол көрсету.
Қаламнан туған құнды дүние - уақыт өткен сайын өз бағасын арттырып, ұрпақ жүрегінде жаңғыра береді.

03 августа 2026
2026 жылдың 16 сәуір күні Қарашыған ауылдық округінің әкімшілігінде "Заң мен тәртіп - қоғам негізі" тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара. Оның негізгі мақсаты - заңның маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін талқылау және тәртіптің қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін көрсету. Қорытындысында, заң мен тәртіпті сақтау - әрбір азаматтың борышы екені және ол қоғамның дамуы мен өркендеуінің басты негізі екені атап өтілді.

«Заң және тәртіп» акциясы аясында М.Төлебаев ауылдық Қазпочта қызметкері тұрғындарға заң талаптарын түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп пен жауапкершілік мәселелері кеңінен айтылып, тұрғындарға қажетті ақпараттар берілді.

«Заң және тәртіп» акциясы аясында М.Төлебаев ауылдық Қазпочта қызметкері тұрғындарға заң талаптарын түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп пен жауапкершілік мәселелері кеңінен айтылып, тұрғындарға қажетті ақпараттар берілді.

03 августа 2026
«Заң мен тәртіп» акциясы аясында Қарашыған ауылдық округі әкімшілігінде учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Ержан Жандос Серікжанұлы мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтықтан сақтану және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына заң талаптарын сақтау мен қауіпсіздік шараларын күшейтудің маңыздылығы айтылып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

08 маусым күні Қарашыған ауылдық округінде интернет алаяқтық алдын алу мақсатында брошюралар таратылды. Тұрғындарға интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың түрлері, жеке деректерді қорғау жолдары және күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақтану туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға қауіпсіздік ережелері жазылған ақпараттық брошюралар таратылып, сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.

Қарашыған ауылдық округінің әкімдігінде әкімшілік қызметкерлері және мәдениет үйінің қызметкерлері қатысуымен «Заң мен тәртіп - қоғам айнасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға, заңды құрметтеу мен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын түсіндіруге арналған іс-шара. Кездесу барысында қатысушылар заңның қоғамдағы рөлі, құқық бұзушылықтың алдын алу, жастардың азаматтық жауапкершілігі және тәртіп сақтау мәселелерін талқылайды. Іс-шараның басты мақсаты - заңға бағынатын, саналы қоғам қалыптастыруға үндеу.

«Заң мен тәртіп» акциясы аясында Қарашыған ауылдық округінде учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Ержан Жандос Серикжанұлы тұрғындармен және жолаушылармен кездесу өткізіп, жол қозғалысы ережелері мен құжаттардың толық болуы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында жол қауіпсіздігін сақтау, көлік құралын басқару кезінде қажетті құжаттарды өзімен бірге алып жүру, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жолаушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау және қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану қажеттігі айтылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы