GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Әкім аппараты
Все материалы
14 октября 2026
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – басты назарда!

Ауыл әкімі мен мекеме басшыларының қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ отбасы, мектеп және қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу, олардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және құқық бұзушылыққа жол бермеу бағытында бірлескен жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы белгіленді.

Мәдениет
14 октября 2026
Қарттар күніне орай ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелерімізге ақ дастархан жайылып, құрмет көрсетілді

Қариясы бар ауылдың — қазынасы бар! 💐Қарттар күніне орай ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелерімізге ақ дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.Ақ батасын беріп, ауылымыздың берекесі болып отырған қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Сіздердің өнегелі жолдарыңыз — бізге үлгі.Төрден орындарыңыз босамасын! 🤲

Мәдениет
14 октября 2026
Мұғалімдер күніне орай Әл-фараби орта мектебінде ардақты ардагер ұстаздар бен мектеп ұстаздарын құрметтеп, құттықтауға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

Мұғалімдер күніне орай Әл-фараби орта мектебінде ардақты ардагер ұстаздар бен мектеп ұстаздарын құрметтеп, құттықтауға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Ұстаздарға деген ыстық ықыласын білдірген мектеп оқушылары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, ән мен биден шашу шашты. 🎶💃
Ұлағатты ұстаздарға деген құрмет – олардың еңбегіне берілген үлкен баға. Оқушылардың өнері арқылы мерекелік көңіл күй сыйланып, ұстаздарға жүрекжарды тілектер арналды. 💐

Мәдениет
14 октября 2026
Қарттар күніне орай Қарабөгет ауылдық дәрігерлік амбулаториясында көп жылдар бойы денсаулық сақтау саласында абыройлы еңбек еткен ардагер дәрігерлерге құрмет көрсетілді

1 - қазан Қарттар күніне орай Қарабөгет ауылдық дәрігерлік амбулаториясында көп жылдар бойы денсаулық сақтау саласында абыройлы еңбек еткен ардагер дәрігерлерге құрмет көрсетілді.
Ақ дастархан жайылып, ақжарма тілектер айтылып, үлкендерге деген ыстық ықылас пен алғыс білдірілді. Ғұмырын адам денсаулығын қорғауға арнаған ардагерлердің еңбегі – кейінгі ұрпаққа үлгі.
Қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! Әрдайым төрімізден орын алып, ақ баталарыңызды беріп жүре беріңіздер! 🌿

Ауыл шаруашылығы
03 сентября 2026
Қарабөгет ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында округ әкімі мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен ауыл аумағында аула аралау жұмыстары жүргізілді.

2026 жылдың 03 қыркүйек күні Қарабөгет ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында округ әкімі мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен ауыл аумағында аула аралау жұмыстары жүргізілді.

Рейд барысында тұрғын үйлердің аулаларының тазалығы мен санитарлық жағдайы тексерілді. Тексеру нәтижесінде аумағын талапқа сай күтіп ұстамаған 3 тұрғын үй иесіне ескерту беріліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Тазалық – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Баршаңызды өз аулаларыңыз бен көшелеріңізді таза ұстауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырамыз. Бірге таза әрі көрікті ауыл қалыптастырайық!

18 августа 2026
2026 жылғы 17 тамыз күні Қарабөгет ауылдық округі әкімшілігінде «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Заң және тәртіп құндылығы» атты ақпараттық акция ұйымдастырылды.

 2026 жылғы 17 тамыз күні Қарабөгет ауылдық округі әкімшілігінде «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Заң және тәртіп құндылығы» атты ақпараттық акция ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындары арасында заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және әр азаматтың заң алдындағы жауапкершілігін түсіндіру.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық қауіпсіздік және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қатысушылар өз ой-пікірлерін ашық білдіріп, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін әр азаматтың заң талаптарын құрметтеуі маңызды екенін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы
18 августа 2026
Қарабөгет ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында округ әкімі мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен ауыл аумағында аула аралау жұмыстары жүргізілді.

Қарабөгет ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында округ әкімі мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен ауыл аумағында аула аралау жұмыстары жүргізілді.

Рейд барысында тұрғын үйлердің аулаларының тазалығы мен санитарлық жағдайы тексерілді. Тексеру нәтижесінде аумағын талапқа сай күтіп ұстамаған 3 тұрғын үй иесіне ескерту беріліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Тазалық – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Баршаңызды өз аулаларыңыз бен көшелеріңізді таза ұстауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырамыз. Бірге таза әрі көрікті ауыл қалыптастырайық!

Әлеуметтік сала
18 августа 2026
Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы талқыланды

МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Округ әкімі мектеп директоры Ғалия Серікжан
қызы және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп, жаңа оқу жылына дайындық барысына қатысты жиын өткізді.
Жиында ауылдағы білім беру саласына қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылуы, сондай-ақ жаңа оқу жылына мектептің дайындығы қаралды.
Сонымен қатар мектеп ғимаратының, оқу кабинеттерінің, спорттық және басқа да нысандардың дайындығы, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім алушыларға қолайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударылды.
Балалардың сапалы білім алуы мен қауіпсіз ортада тәрбиеленуі – баршамызға ортақ міндет. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

03 августа 2026
 «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Қарабөгет ауылдық округінде жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушының ұйымдастыруымен түнгі рейд жұмыстары өткізілді.

 «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Қарабөгет ауылдық округінде жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушының ұйымдастыруымен түнгі рейд жұмыстары өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруінің алдын алу, қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылау және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.

Рейд барысында ауыл көшелері мен жастар жиі жиналатын орындар араланып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарға заң талаптарын сақтау, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау және қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау жөнінде ескертулер айтылды.

03 августа 2026
Заң мен тәртіп идеологиясы аясында психологиялық тренинг өткізілді

Заң мен тәртіп идеологиясы аясында психологиялық тренинг өткізілді

Заң мен тәртіп идеологиясын насихаттау мақсатында оқушыларға арналған психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау, өзара сыйластық пен сенімді қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ жанжалдардың алдын алу дағдыларын дамыту болды.

Тренинг барысында қатысушылар психологиялық жаттығулар мен топтық жұмыстарға белсенді қатысып, эмоцияларды басқару, күйзелістің алдын алу, тиімді қарым-қатынас орнату және дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу тәсілдері бойынша тәжірибелік білім алды. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алуда әр азаматтың жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы