Сарқан ауданының Екіаша ауылдық округінің әкімінің аппараты ауыл тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, қадағалау бойынша 2024 жылға 6 айға атқарылған жұмыстар туралы есебі.
Халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету - мемлекеттік органдардың жұмысындағы басты мақсат.
Екіаша ауылдық округіне қарасты Екіаша және Тополевка ауылдары орналасқан. Халық саны 2870 адамды құрайды.
7 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Екіаша ауылдық округі әкімі аппараты 2024 жылы келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетілген:
4.Сауда-сатықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу - 10;
Тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу жұмыстары барынша ыңғайлы болуы үшін жұмыстар жүргізілуде. Екіаша ауыл әкімдігінде, Екіаша, Теректі орта мектептерінде, балабақшада, Екіаша дәрігерлік амбулаториясында өз бетінше қызмет алуға болатын «egov» бұрыштары бар. Барлық мемлекеттік қызметшілер электрондық цифрлық қолтаңба алды. Қазіргі уақытта жергілікті ауыл тұрғындарының ЭЦҚ кілт алуларымен қамтамасыз ету үшін тығыз жұмыстар атқарылуда. Барлық шаруа қожалықтары ЭЦҚ кілтпен жұмыс жасайды. Қызметтерді электрондық түрде алу тәсілдері округтегі мектеп, балабақша, ауылдық аурухана жүзеге асырады. 2024 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы жалпы мемлекеттік қызметтер электрондық Үкімет порталы арқылы көрсетілді. Соның ішінде сотталмағаны туралы анықтама-11, туу туралы куәлікке өтініш беру -0, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама-0, міндетті зейнетақы жарналарының аудармалары туралы анықтама-17, тұрғылықты жері бойынша тіркелу-0, психоневрологиялық ұйымнан-9, аркологиялық ұйынан-9, туберкулездік диспансер ұйымынан-0, жеке тұлға үшін ЭЦҚ- 133, жұмыссыз ретінде еңбек биржасына тіркелу-24, 2024 жылдың І-ІІ ші тоқсанында «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өтті. Округ әкімдігінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Онда керек барлық жағдай қарастырылған. Округ елді мекендердегі тұрғындар осы аталған қызмет көрсету бұрыштарында өздеріне тиісті құжаттарын алуға толық мүмкіндіктер бар. Округ тұрғындарына мемлекттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды дамыту және іске асыру аясында дөңгелек үстелдер, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Сарқан ауданының Екіаша ауылдық округінің әкімі ауыл тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, қадағалау бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебін инстаграм желісінде онлайн 2024 жылдың 19 сәуір күні берді.
Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде арыз – шағым түскен жоқ.