GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
Білім саласы
07 сентября 2026
Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық басталды

Қазақстанда 7-13 қыркүйек аралығында өтетін Отбасы күніне арналған апталық басталды. Елімізде Отбасы күні дәстүрлі түрде қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді.

Апта бойы еліміздің өңірлерінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және саналы ата-ана болудың маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық, танымдық және қоғамдық іс-шаралар өтеді.

Апталықтың әр күні жеке тақырыпқа арналады. Бағдарлама ұрпақтар сабақтастығы, саналы түрде отбасын құру, бала денсаулығы мен қауіпсіздігі, отбасы берекесі және ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізуі секілді маңызды тақырыптарды қамтиды.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде «Отбасымыздың бір күні» ұранымен жалпыұлттық #Otbasym2026 челленджі өтеді.

Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастар бөлімі
04 сентября 2026
ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Әкім аппараты өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:
ТҰРМЫСТЫҚ ҚОҚЫСТЫ, КҮЗГІ ЖАПЫРАҚТАРДЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕГІНДІКТЕРІНДЕГІ ӨНІМДІ АЛҒАННАН КЕЙІНГІ САРЫ АНЫЗДЫ (СУХОСТОЙ) ЖАҒУҒА КАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Неге жағуға болмайды?
* Өрт қаупі: Егістік пен ауладағы от сәл жел соқса, көршілес тұрғын үйлерге, шаруа қожалықтарына және орман алқаптарына тез таралады.
* Заң алдындағы жауапкершілік: Жаппай өрт қаупін тудырғаны және қоқыс пен аңызды заңсыз жаққаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес ірі көлемде айыппұл қарастырылған.
* Денсаулық пен экология: Қоқыс пен жапырақ түтіні ауаны улап, адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Өрт белгілері байқалған жағдайда тез арада 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыздар!
Өз мүлкіңіз бен табиғатты өрттен қорғаңыздар!

Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастар бөлімі
04 сентября 2026
Құрметті Сарқан ауданының тұрғындары!

Ауданымызда алдағы 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты жылыту маусымындағы қажеттіліктеріңізге сәйкес қатты отынды (көмірді) алдын ала сатып алуды ұсынамыз.

«Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Білім саласы
04 сентября 2026
Этносаралық келісімді нығайту бағытында дөңгелек үстел өткізілді

Черкасск ауылдық округі әкімінің аппараты және ветеринариялық пункт мамандарының қатысуымен этносаралық қатынастарды нығайту және қоғамдық келісімді сақтау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында этносаралық татулық пен бірлікті сақтау, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, түрлі этнос өкілдері арасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті арттыру мәселелері талқыланды.

Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастар бөлімі
Білім саласы
Денсаулық сақтау
Бюджеттік сала
04 июня 2026
Рәміздер күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ақпарат

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күні еліміздің басты нышандары – Ту, Елтаңба және Әнұран қабылданған. Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің және ұлттық бірлігіміздің белгісі. Әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және олардың қадір-қасиетін жоғары ұстауға міндетті.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы, халқымыздың бірлігі мен болашағына деген сенімінің нышаны.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілейміз! Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыздың мерейі үстем болсын!

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! 🇰🇿

04 марта 2026
⚽️ 03.04.2026 ж. Черкасск ауылдық округінде, Черкасск орта мектебінде жастар арасында мини-футбол жарысы өтті.

⚽️ 03.04.2026 ж. Черкасск ауылдық округінде, Черкасск орта мектебінде жастар арасында мини-футбол жарысы өтті.

Тартысты әрі қызықты өткен додада командалар өз шеберліктерін көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттады.

🏆 Жарыс қорытындысы бойынша Черкасск ауылдық округі әкімінің аппараты жүлделі ІІІ орын иеленді!

Барша қатысушыларды құттықтаймыз! Спорт – бірлік пен достықтың негізі

03 марта 2026
Эносаралық кездесу

Черкасск ауылдық округ әкімінің аппарты ұйымдаструымен этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында ақсақалдардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ұлттар арасындағы татулық, өзара сыйластық пен бірліктің маңыздылығы сөз болды.
Ақсақалдарымыз жастарға өнеге айтып, ел ішіндегі ауызбіршілікті сақтау – әр азаматтың міндеті екенін атап өтті. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.
Мұндай кездесулер қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, этностар арасындағы түсіністікті арттыруға және ортақ құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.

19 февраля 2026
Бейбітшілік пен татулық

Бейбітшілік пен татулық – елдің ең үлкен байлығы. Қоғамда келісім мен өзара сыйластық болған жерде адамдар алаңсыз еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеп, болашаққа сеніммен қарайды. Бірлік бар жерде дау-жанжал азайып, береке артады.
Біздің көпұлтты мемлекетімізде әр азаматтың басты міндеті – бір-біріне құрметпен қарап, ортақ Отанымыздың тыныштығын сақтау. Татулық – тек сөз емес, ол күнделікті өмірдегі сабыр, кешірім және түсіністік.
Сондықтан бейбітшілікті сақтау әрқайсымыздан басталады: жақсы сөз айту, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, көршімен тату болу – қоғамдағы тұрақтылықтың негізі. Бірлігі мықты елдің іргесі де берік болады.

19 февраля 2026
Сарқан ауданында Масленица мерекесі атап өтілді!

Бүгін Сарқан ауданының Қойлық ауылында "Черкасск ауылдық округ әкімінің апаратынын қатысуымен көктемнің жарқын мерекелерінің бірі – Масленица кең көлемде тойланды! Жиналған қауымды аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев құттықтап, көпұлтты ауданымыздың береке-бірлігі мен ортақ мерекелердің маңыздылығын атап өтті.

“Сарқан – еңбекқор, бірлігі жарасқан халықтың мекені. Біз әр ұлттың мәдениеті мен дәстүрін бағалаймыз. Осындай ортақ мерекелер – халықты біріктіретін алтын көпір,”– деді аудан әкімі.

17 февраля 2026
"Сарқан ауданы Черкасск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен "Жанұя" отбасын қолдау орталығының мамандары бірлесе жұмыс атқаруда

Черкасск ауылдық округіне «Жанұя» отбасын қолдау орталығының мамандары жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, отбасы институтын нығайту, тұрмыстық жағдайларды жақсарту, әлеуметтік қолдау шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында азаматтарға әлеуметтік көмек түрлері, психологиялық және құқықтық кеңестер алу мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары жайлы ақпарат берілді.
Мұндай кездесулер тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, отбасы құндылықтарын нығайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы