Бір розеткаға немесе ұзартқышқа теледидар, жылытқыш, электр шәйнек, үтік және басқа да қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қоспаңыз.
Қарапайым сақтық шаралары өрттің алдын алуға көмектеседі.
Егер электр сымдары қызып кетсе немесе күйік иісі сезілсе, электр құрылғыларын дереу өшіріп, қауіпсіз жерге шығыңыз.
Қауіп туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!
Бақалы ауылдық округінің тұрғындарымен құқық бұзушылықтардың профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері бойынша түсіндіру кездесуі өткізілді.
Жиын барысында тұрғындарға құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібі туралы ақпарат берілді.
Атап айтқанда, құқық бұзушылықтардың профилактикасына үлес қосқан азаматтарға ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу қарастырылғаны түсіндірілді. Мұндай көтермелеу азаматтардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді араласуын ынталандыруға бағытталған.
Сонымен қатар, тұрғындарға құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тиісті ақпаратты уақтылы жеткізудің, қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысудың және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізудің маңыздылығы түсіндірілді.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әрбір азаматтың белсенділігі құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ауылдағы қауіпсіз ортаны қалыптастыруға өз үлесін қосады.
10 тамыз – Абай күніне орай Бақалы ауылдық мәдениет үйінде ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сағат өткізілді.
Шара барысында қатысушылар Абайдың өнегелі өмір жолы, әдеби мұрасы, қара сөздері мен әндері туралы мәлімет алып, ақынның шығармаларын оқып, оның шығармаларындағы рухани құндылықтар жайында ой бөлісті.
Танымдық сағаттың басты мақсаты – жастардың Абай мұрасына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұлы тұлғаның рухани мұрасын насихаттау.
Абайдың асыл мұрасы – халқымыздың сарқылмас рухани қазынасы.
«Этносаралық қатынастарды мониторингтеу» жобасы аясында жергілікті шаруа қожалықтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау, түрлі этнос өкілдері арасындағы өзара сыйластықты нығайту, сондай-ақ заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
Қоғамдағы татулық пен тұрақтылық – әр азаматтың жауапкершілігі. Заңға құрметпен қарап, өзара түсіністік пен бірлікті сақтау – бейбіт өмірдің негізі.
Бірлік бар жерде – береке бар!
«Заң және тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, Бақалы ауылдық округінде ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін талқылауға арналған кеңейтілген жиын өткізілді. Жиынға ауыл тұрғындары, қауымдастық мүшелері, мектеп, аурухана, ветеринария, мәдениет үйінің қызметкерлері және ауылда такси қызметін көрсететін азаматтар қатысты. Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік, қоғамдық және тұрмыстық мәселелері талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, ауылдағы қоғамдық тәртіпті сақтау, абаттандыру, тазалық, қауіпсіздік және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жиын қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелерді зерделеп, тиісті жұмыстар жүргізу бойынша нақты міндеттер белгіленді.
Бірлік пен өзара түсіністік – ауылдың тұрақты дамуының негізі.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауыл тұрғындары арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында рейдтік шара өткізілді. Іс-шараға ауылдық округ әкімі, учаскелік полиция инспекторы және қауымдастық төрағасы қатысып, ауыл көшелерін аралады. Аралау барысында тұрғындарға аулалар мен көше бойының тазалығын сақтау, құрылыс материалдары мен тұрмыстық қалдықтарды ретсіз орналастырмау, қоршаған ортаны таза ұстау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Тексеру барысында, 2 тұрғын үй иесіне тиісті ескертулер беріліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Таза ауыл – әрбір тұрғынның жауапкершілігі. Баршаңызды қоршаған ортаны таза ұстап, туған жеріміздің көркеюіне бірге үлес қосуға шақырамыз!
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бақалы ауылында түнгі профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Іс-шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдігі мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, қоғамдық орындар мен жастар жиі жиналатын аумақтарды аралады. Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру фактілерінің алдын алуға ерекше назар аударылып, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына қолданыстағы заң талаптары мен қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Осындай профилактикалық іс-шаралар жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайтуға өз үлесін қосады.
В рамках принципа «Закон и порядок» 7 июля в Бакалинском сельском Доме культуры среди молодежи была организована встреча и спортивное мероприятие на тему «Выбирай здоровый образ жизни!».
Основная цель мероприятия — профилактика употребления наркотических средств среди молодежи, пропаганда здорового образа жизни и формирование правовой культуры.
В ходе встречи молодежи подробно рассказали о вредном воздействии наркотиков на здоровье человека, психологическое состояние и общество. Также была предоставлена информация о требованиях законодательства и ответственности за правонарушения, связанные с наркотическими средствами.
В рамках мероприятия были организованы спортивные игры, в ходе которых участники продемонстрировали важность активного образа жизни, укрепления здоровья и эффективного проведения свободного времени.
Выбор здорового образа жизни — правильный шаг в своё будущее. Нет наркотикам — да спорту!
Бақалы ауылдық округінде «Қайырымдылық – ізгілік бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында қайырымдылықтың қоғамдағы маңызы, мұқтаж жандарға қолдау көрсету, мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау мәселелері талқыланды. Қатысушылар қайырымдылық мәдениетін дамыту және азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бағытында пікір алмасты. Кездесу қорытындысында қайырымдылық жасау – адамгершіліктің жоғары көрінісі екені айтылып, қоғамда өзара көмек пен қолдау көрсету дәстүрін нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.