Ауылдық округте К.Қазыбаев атындағы 1 орта және Тасқұдық, Ағарту 2 бастауыш мектеп бар.
К.Қазыбаев және Ағарту, Тасқұдық мектептерін қоса алғанда округте 288 оқушы білім алып, 102 адам еңбек етеді. Оның ішінде 47 мұғалім, 14 балабақша қызметкерлері, 41 кіші қызметкерлер.
Мектепте балалардың тасымалдануына мемлекеттік көлік бар, керекті қаражатпен қамтылған. Тасымалданатын оқушылар саны 62 бала.