Аудан әкімінің халық алдында есеп беруі

04.12.2025 Аудан әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы халық алдында есеп беру кездесуі өткізілді. Есеп беру барысында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар және алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында тұрғындарды толғандыратын негізгі мәселелер, атап айтқанда инфрақұрылымды дамыту, жолдардың жағдайы, абаттандыру, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы бойынша түсіндірмелер жасалды.
Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауаптар берілді. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар мәселелер бақылауға алынып, оларды шешу жолдары айқындалды.
Әкімнің халық алдында есеп беруі ашықтықты қамтамасыз етуге, тұрғындармен кері байланысты нығайтуға және жергілікті мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталды.

Отчет акима перед населением
Дата публикации
13 февраля 2026