Сарқан ауданының Аманбөктер ауылдық округінің әкімінің аппараты ауыл тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, қадағалау бойынша 2025 жылға тоқсанға атқарылған жұмыстар туралы есебі.
Халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету - мемлекеттік органдардың жұмысындағы басты мақсат.
Аманбөктер ауылдық округіне қарасты Аманбөктер және Баянбай ауылдары орналасқан. Халық саны 502 адамды құрайды.
7 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Аманбөктер ауылдық округі әкімі аппараты 2025 жылы келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетілген:
4.Сауда-сатықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу - 1;
Тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу жұмыстары барынша ыңғайлы болуы үшін жұмыстар жүргізілуде. . Барлық мемлекеттік қызметшілер электрондық цифрлық қолтаңба алды. Қазіргі уақытта жергілікті ауыл тұрғындарының ЭЦҚ кілт алуларымен қамтамасыз ету үшін тығыз жұмыстар атқарылуда. Барлық шаруа қожалықтары ЭЦҚ кілтпен жұмыс жасайды. Қызметтерді электрондық түрде алу тәсілдері округтегі әкімшілік ғимартында жүзеге асырады. 2025 I-тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы жалпы мемлекеттік қызметтер электрондық Үкімет порталы арқылы көрсетілді. Соның ішінде міндетті зейнетақы жарналарының аудармалары туралы анықтама-4, тұрғылықты жері бойынша тіркелу-2. 2025 жылдың І- тоқсанында «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өтті. Округ әкімдігінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Онда керек барлық жағдай қарастырылған. Округ елді мекендердегі тұрғындар осы аталған қызмет көрсету бұрыштарында өздеріне тиісті құжаттарын алуға толық мүмкіндіктер бар. Округ тұрғындарына мемлекттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды дамыту және іске асыру аясында дөңгелек үстелдер, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде арыз – шағым түскен жоқ.