2026 жылдың 07 қыркүйек күні «Отбасы күні» мерекесіне «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысушы Аязбаевтар әулетімен кездесу өтті.
Кездесу барысында өнегелі отбасының өмірлік тәжірибесі, отбасы құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрі туралы тағылымды әңгімелер айтылды.
Аязбаевтар әулеті жас ұрпаққа отбасының қоғамдағы маңызы, ауызбіршілік пен сыйластықтың қадірі туралы өз ойларымен бөлісті.
Осындай кездесулер арқылы ұрпақтар сабақтастығы нығайып, берекелі де бақытты отбасының үлгісі кеңінен насихатталады.
Отбасы – қоғамның негізі, ал өнегелі отбасы – ұлттың рухани тірегі!
Алмалы ауылдық округінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрді насихаттау және ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында «Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық мұраның негізі» атты танымдық кездесу өтті.
Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары мен дәстүрлі мәдениеті таныстырылып, үлкендердің өмірлік тәжірибесі мен өнегесі жас ұрпаққа үлгі етілді. Қолөнер бұйымдарының ерекшеліктері туралы әңгімелер айтылып, ұлттық мұраны сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесуге аға буын өкілдері, жастар мен балалар қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Іс-шара барысында үлкенді құрметтеу, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, анадан қызға, әжеден немереге жалғасатын ұлттық өнерді дәріптеу бағытында тәрбиелік мәні зор әңгімелер өрбіді.
Осындай тағылымды кездесулер ұлттық құндылықтарды ұлықтап, өскелең ұрпақтың елжандылық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бүгінгі дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру, қызмет көрсету барысында кездесетін өзекті мәселелерді талқылау және қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін одан әрі нығайту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған, мемлекеттік органдар тарапынан ұсынылатын маңызды қызмет түрлерінің бірі. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа ауыстырылып, тұрғындар үшін қолжетімділігі мен тиімділігі артып келеді.
Осыған байланысты әрбір қызметкер өз құзыреті шегінде көрсетілетін қызметтердің тәртібі мен талаптарын жақсы меңгеріп, қызмет көрсету барысында белгіленген алгоритмді қатаң сақтауы қажет. Бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.
Бүгін ауылдық округінің әкімі ауыл тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, қажетті құжаттар, электронды форматта қызмет алу мүмкіндіктері және цифрлық сервистерді пайдалану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, мемлекеттік қызмет көрсету саласына қатысты кеңестер берілді.
Қазіргі таңда көптеген мемлекеттік қызметтер электронды форматта көрсетіліп, азаматтарға уақытты үнемдеп, қажетті қызметтерді қашықтан алуға мүмкіндік беруде. Осындай жәрмеңкелер халықтың мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттануын арттырып, тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Мемлекеттік қызмет – халыққа көрсетілетін маңызды қызмет түрі. Оның сапасы мен қолжетімділігін арттыру – басты міндеттердің бірі.
2026 жылғы 16 тамызда Алмалы спорт кешенінде Қазақстан Республикасының «Спорт күні» кәсіби мерекесіне орай ерлер арасында волейболдан аудандық чемпионат өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында Сарқан аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Байгужа Айнұр Серікбайқызы сөз сөйлеп, спортшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аудандық чемпионатқа 6 команда қатысып, спортшылар жоғары дайындық пен шеберліктерін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін қалыптастырды.
📢 ҚҰРМЕТТІ АЛМАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
🇰🇿 23 ТАМЫЗ – ҚҰРЫЛТАЙ!
Баршаңызды ел бірлігін нығайтып, ауылымыздың өзекті мәселелерін талқылап, алдағы жоспарларды бірге айқындауға арналған Құрылтайға шақырамыз!
🤝 Бірлік – ел тірегі!
Бірге талқылайық, бірге шешейік!
📅 Күні: 23 тамыз 2026 жыл
📍 Өтетін орны: Алмалы ауылдық округінің мәдениет үйі. Абай ауылы Тасарық орта мектебі.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!
Алмалы ауылдық округінің әкімдігі.
Іс-шара барысында заң талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі, еңбек тәртібін нығайту және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері талқыланды.
Рейд барысында оқушылардың кешкі уақыттағы жүріс-тұрысы бақылауға алынып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы тәртіпті нығайту, қауіпсіз орта қалыптастыру және ата-ана мен мектеп байланысын күшейту. Бала қауіпсіздігі — баршамызға ортақ жауапкершілік! 🤝