Жеке тұлғалардан «Е өтініш» бағдарламасы арқылы жалпы 12 өтініш , 10 сұраным мен ұсыныс түсті барлығы уақытылы қаралып, өтініш иесіне жауаптар берілді.
«Е лицензирование» мемлекеттік қызмет көрсету арқылы Сауда саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша 2023 жылда 28 өтініш түсіп, барлығы уақытылы қаралып, өтініш иесіне жауаптар берілді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы 2 азаматтан өтініш түсіп, уақытылы қаралып, өтініш иесіне жауаптар берілді. Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту туралы 2 азаматтан өтініш түсіп, уақытылы қаралды. Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп сатып алу туралы 1 азаматтан өтініш түсіп, уақытылы қаралды.
Бас маман А.Нурпеисова