Жетісу облысы Сарқан ауданы әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлының Алмалы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінің
ХАТТАМАСЫ
2024 жыл 25 қаңтар №1 Алмалы ауылы
Алмалы орта мектебі, сағ16.00
Төраға: Маманбаев Ғ.
Хатшы: Дюсембекова К.
Қатысты: Мәслихат депутаты Жасақбаев Талғат Сағынғалиұлы, ақсақалдар алқасының төрағасы, аналар кеңесінің төрайымы, Сарқан ауданының мекеме ұжымдары, Алмалы ауылының тұрғындары барлығы – 90 адам.
КҮН ТӘРТІБІ
ТЫҢДАЛДЫ:
Сарқан ауданының әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы елде жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылу барысы, ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы, міндеттері мен оны одан әрі дамытудың негізгі бағыттарының орындалу барысы, ауыл шаруашылығы, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, инвестиция саласы, салық, кәспкерлік, медицина салалары бойынша баяндама жасады.
СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Алмалы ауылының тұрғыны Токтаров Серикбай:
Қауіпсіздік қоғамдық келісімінің мүшесі су құбыры сапасыз тартылған, су құрылысын бақылай алатындығын айтты.
Өзінің қойған сұрағына қанағаттанарлықтай жауап алды.
Келесі кезекте Алмалы ауылының тұрғыны Жүйрікбаев Бақдәулет Алмалы ауылдық округінің 3 ші бригаданың ішкі лоток арықтарын, тазаласа жөндесе деген ұсынысын талап етті. Өзінің қойған сұрағына қанағаттанарлықтай жауап алды.
Алмалы ауылының тұрғыны Етекбаева Айсара:
Алмалы ауылдық округінің Саржанов көшесінің трансформаторы атыла беретіндіктен, жаңа трансформатор салып беруін сұрады. Өзінің қойған сұрағына қанағаттанарлықтай жауап алды.
Тасарық орта мектебінің директоры: Ардақ Исатаевна
мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін Тасарық орта мектебінің алдына жылдамдық соққысын (лежачий полицейский) орнатып берсеңіздер деп өз ұсынысын айтты, және Абай ауылына балаларға ойын алаңын салып беруін сұрады. Өзінің қойған сұрағына қанағаттанарлықтай жауап алды.
Абай ауылының тұрғыны Жамантаев Мейрамғали:
Абай ауылына көше салынса, Алдияр батыр ескерткішінің маңайын аббаттандыру жасауын айтты.
Ауыл тұрғындарының жиынында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
Төраға Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы
Хатшы Дюсембекова Кымбат Ортавна