
Сарқан ауданының ауыл шаруашылығы негізінен мал және өсімдік шаруашылығымен айналысады. Мал шаруашылығы бойынша малдың сапасы мен өнімділігін жақсарту, мал басын өсіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Түрлі бағыттар бойынша жүргізілетін іс-шараларға талдау жүргізеді, тыңайтқыштардың (органикалық) құнын субсидиялайды, дәнді дақылдар, майлы дақылдар, қант қызылшасы және Өсімдік шаруашылығы бойынша басқа да дақылдар түрлері бойынша алынатын өнім көлемін ұлғайтады. Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тіркеу және беру, мемлекеттік қызмет Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламенті негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген тәртіппен конкурс негізінде жүзеге асырылады.Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тізбесін дайындайды және хабарландыруды қалыптастырады.Жергілікті атқарушы органдар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады.Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі жарияланған күннен бастап, Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа қатысу үшін өтінім берулеріне болады.Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған конкурстар негізінде беріледі.