Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Жетісу облысының олимпиадалық резервтер дайындау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысыбос лауазымдық орнын иеленуге конкурс жариялайды
Жетісу облысының олимпиадалық резервтер дайындау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласыҚонаев көшесі, № 22 мекенжайындаорналасқан. Басшы ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін басқарады, қабылданатын шешімдердің орындалуын, ұйымның теңгеріміндегі мүліктің қауіпсіздігі мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар
Дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласында басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл, немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде үш жыл
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме, білімі туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының (болған жағдайда) не болмаса еңбек шартының немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдануы және еңбек шартының бұзылуы туралы бұйрықтардан көшірме.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар үшін құжаттарТалдықорған қаласыЖелтоқсан көшесі, 222, 310 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады, байланыс телефондары: 8-7282-41-36-69.
Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.