Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау мақсатында «онлайн бюджеттік мониторингін» жүзеге асырады.

«Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулі қаржылық бұзушылықтарды жедел анықтау құралы ретінде өз тиімділігін растады. Олар: білім бөлімі, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы төлеуге бағытталған.

Онлайн бюджеттік мониторингін енгізу кезінде Департамент білім бөлімі, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлеріне қатысты жоғары тәуекел деңгейіне ие төлемдер бойынша жалпы сомасы 47276,7 мың теңге болатын, мониторинг объектісіне 78  хабарлама жіберілді.

 Оның ішінде: Білім беру бойынша 44 объектіге 27 480,3 мың теңге сомасына хабарлама жіберілді.

Мәдениет және спорт бойынша 21 объектіге 13 984,7 мың теңге сомасына хабарлама жіберілді.

Денсаулық сақтау бойынша 13 объектіге 5811,6  мың теңге сомасына хабарлама жіберілді.

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті превентивті бақылауды күшейту және бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін жалғастыруда.

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау мақсатында «онлайн бюджеттік мониторингін» жүзеге асырады.
Дата публикации
02 февраля 2026