2025 жылғы 26 желтоқсан күні басқарманың бағынысты мекемелерінің басшыларына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы №56 бұйрығымен бекітілген қағидалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру, олардан айыру және омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары» талаптары кеңінен түсіндірілді.
Аталған қағидалардың сақталуын қатаң бақылауда ұстау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.


