«Жетісу» хоккей клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымдық орнын иеленуге конкурс жариялайды

«Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу» хоккей клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымдық орнын иеленуге конкурс жариялайды

 

«Жетісу» хоккей клубы» КМҚК: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров көшесі, №17A мекен жайында орналасқан. Директоры ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін басқарады, қабылданатын шешімдердің орындалуын, ұйымның теңгеріміндегі мүліктің қауіпсіздігі мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "дене шынықтыру және спорт" немесе бизнес және басқару немесе құқық мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар;

      Мамандығы бойынша жұмыс өтілі, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме, білімі туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының (болған жағдайда) не болмаса еңбек шартының немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдануы және еңбек шартының бұзылуы туралы бұйрықтардан көшірме, белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының жоқтығы, сотталмағандығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар үшін Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, 222, 310 кабинет мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты өткізу туралы жариялаған күннен бастап, он бес күнтізбелік күн өткен соң аяқталады, байланыс телефондары: 8-7282-41-36-69.

«Жетісу» хоккей клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымдық орнын иеленуге конкурс жариялайды
Дата публикации
27 ноября 2024