2023 жылғы 16 тамыздан 15 қыркүйекке дейін «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
«Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.