«Жетісу» волейбол командасы - Қазақстан Республикасының Ұлттық лигадағы әйелдер арасында Қазақстан Республикасының 8 дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасы Кубогының 8 мәрте иегері, Қазақстан Республикасы Супер кубогының 3 дүркін иегері.
2021-2022 ж.ж Ұлттық-Лигадағы командалар арасындағы ҚР чемпионатында «Жетысу» командасы 2 орын иеленді.
2021-2022 ж.ж Ұлттық-Лигадағы командалар арасындағы ҚР Кубогінда «Жетысу» командасы 3 орын иеленді.
«Жетісу-2» қосалқы (фарм) командасы Жоғарғы-Лигадағы 2020-2021 жылғы ҚР Чемпионатының жеңімпазы атанды және 2021 жылғы Орта Азия чемпионатының жеңімпазы.
«Жетісу-2» қосалқы (фарм) командасы Ұлттық лиганың 9 командасының ішінен 6 орын алды.
2021-2022 ж.ж Ұлттық-Лигадағы командалар арасындағы ҚР Кубогында «Айқаракөз» командасы 6 орын иеленді.
«Жетісу» футбол клубы - 2022 жылы Қазақстан Республикасы Чемпионатының Бірінші Лигадасындағы командалар арасында3 орынды иеленді.
2022 жылы «Жетісу» ерлер командасы Қазақстан Республикасы Чемпионатының екінші Лигасындағы командалар арасында 9 орынды иеленді.
«Бесарыс» көгалдағы хоккей командасы -2022 жылы ерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 1 орын, әйелдер арасында 1 орынды иеленді. Көгалдағы хоккейден 21 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия кубогының жеңімпаздары.
2023 жылы Оңтүстік Африка мемлекетінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.
«Бесарыс» иноорхоккей командасы – 2022 жылы Азия кубогында (Таиланд, Бангкок) ерлер командасы 3 орын иеленді.Қазақстан Республикасының чемпионатында ерлер арасында 1 орын, әйелдер арасында 1 орынды иеленді.
2023 жылдың ақпан айында Оңтүстік Африкада (Притория) мемлекетінде өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болады.