Жетысу облысында 2022 жылдың «Халықты 1000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі» көрсеткіші 77%-ды құрады (дене шынықтыру - спорт мақсатындағы спорт залдарының жалпы алаңы жалпы білім беру мекемелерінің спорт залдарынсыз -69103,7 ш.м; қажеттілік – 53394,8 ш.м, спорт залдарының тапшылығы – 39030,5 ш.м.)
Жетысу облысында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 1652 бірлік, оның ішінде дене шынықтыру спорттық мәндегі нысандар (ДШМ) – 402, білім беру ұйымдарда (БҰ) -1121, спорт мектептерде (СМ) – 129 (оның ішінде ауылдық жерде - 1064, жеменшік – 36) спорттық құрылымдар бар.
Соның ішінде: 13 стадион, 3 спорт сарайы, 4 спорттық құрылымдар кешені, 17 спорт кешені (оның ішінде 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені), 1 шаңғы базасы, 85 атыс тирі, 2 атыс алаңы, 16 хоккей корты, 940 жазықтық құрылым, 16 теннис корты, 2 ипподром, 24 бассейн, 416 спорт зал, 113 жалғасып салынған спорт залдар.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауында ІІ мәселесінде «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру» тақырыбы бойынша берілген тапсырмасында «Денсаулық кепілі – дене шынықтыру» деп атап кетті. Осыған орай, облыс әкімдеріне бұқаралық спортты және спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша тапсырмасы берілді.
Аталған тапсырманы орындау бойынша спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде.
Жетысу облысында қазіргі таңда 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданыста (Панфилов ауданының Жаркент қаласы, Алакөл ауданы Үшарал қаласы, Көксу ауданының Балпық би ауылы, Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылы, Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында).
Қазіргі уақытта, 2 ДШСК бойынша (Алакөл ауданының Достық және Лепсі ауылдарында) және (Алакөл ауданы Бескөл ауылында 80 орынды, Панфилов ауданы Үлкен Шыған ауылында 90 орынды және Пенжім ауылында 100 орынды) 3 спорт кешені бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары (бұдан әрі – ҚМЖ) жүргізілуде.
Сонымен қатар, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылына орталық стадион және Басши ауылында күрес залының ҚМЖ басталды.
Сарқан ауданында орталық стадионның қайта жыңғырту жұмыстарына және Текелі қаласының ДШСК құрылысына ҚМЖ мемлекеттік–сатып алу порталы бойынша конкурс жарияланды.
2022 жылы 8 спорттық кешеннің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
- 2 ДШСК (Қаратал ауданы Үштөбе қаласы, Сарқан ауданы Сарқан қаласы – ЖСҚ сараптаманың қорытындысын алу 2022 жылға жоспарланған);
- 5 спорттық кешен (Талдыкорған қаласының: 1) Орталық стадионы реконструкциялау, 2) Әлемдік стандарттарға сай көркем гимнастика және өрге өрмелеу үшін спорт кешені, 3) Баскетбол, футбол, волейбол спорт түрлеріне әмбебап спорт кешені. Сонымен қатар, Сарқан ауданы Алмалы, Панфилов ауданы Үшарал ауылдарына спорт кешендердің құрылысы).
- Кербұлақ ауданы Шанханай ауылына күрес залының құрылысы.
Сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы индрохоккейге арналған әмбебап спорт залының құрылысының мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы 4 спорттық нысанның құрылысына ЖСҚ әзірлеуге конкурс жарияланды.
- Қаратал ауданы Калпе ауылына спорт кешен салу;
- Талдықорған қаласындағы мектеп-интернат-колледждің жанына 50 орынды монша және кір жуатын бөлме салу;
- Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылына күрес залын салу;
- Футбол-регби стадионының жанында олимпиадалық резервтегі №1 БЖСМ спорт ғимаратының құрылысы.
Жоғарыда аталған спорттық инфрақұрылымның желілерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.