Функциялары:
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да заң актілерін, Алматы облысы әкімдігінің өкімдері мен шешімдерін, Басқарма басшысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімнің өкімдері мен шешімдерін, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеуге, концептуалдық құжаттарды дайындауға қатысу;
Басқармада іс-қағаздарын жүргізу жағдайын қамтамасыз ету және бақылау;
Басқарма бойынша кадрлық жұмысты жүргізу;
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты жүргізу;
«Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» электрондық құжат айналымы қағидаларына сәйкес жұмысты ұйымдастыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;
кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;
мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің саясатын іске асыру;
Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету;
Басқарма қызметкерлерінің еңбек ақысын уақытында төлеу, салық және әлеуметтік төлемдерін аудару;
Қаржыландыру жоспары бойынша бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде функцияларды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің саясатын іске асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
Бөлімінің құзыретіне кіретін әкім және әкімдік актілерінің жобаларын дайындау;
Жергілікті атқарушы билік органдары қызметінің нәтижесі бойынша сараптамалық, талдамалық және жиынтық жұмыстарды жүргізу, дене шынықтыру және спорт саласындағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарастыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
Бөлім қызметткерлері жауапты болады:
басқарма басшылығының берген тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауға;
бөлімнің негізгі міндеттерін іске асыруға байланысты, жоспарланған іс-шараларды сапалы орындауға;
қызметтік нұсқауларға байланысты өзіне жүктелген міндеттерді атқарғаны үшін;
жоғары тұрған органдарға уақытылы ақпаратты беру үшін;
мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзғаны үшін;
еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапты.
Бөлімнің құрылымына бөлім басшысы және бас маман кіреді, оларды қызметке Басқарма басшысы қабылдайды және босатады.
Бөлім басшысы:
бөлімнің жұмысын басқарады және ұйымдастырады, Бөлім мамандарының шығармашылық, кәсіби жұмыс атқаруына қолайлы жағдай қалыптастырады;
басқарма басшысына Бөлім туралы ережені, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітуге ұсынады;
бөлімнің жұмыс жоспарларын әзірлейді, орындалуын қадағалайды;
бөлімнің жергілікті мемлекеттік органдарымен өзара жұмыс қарым-қатынасын үйлестіреді;
өз құзыреті шегінде басқарманың есептік баяндамаларын әзірлеуге қатысады.