«Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
1) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
3) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу.
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
спорттық шараларын өткізу бойынша жұмыстарды сатып алу шартын жасау және олардың заңнамада белгіленген тәртіппен орындалуын бақылау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
әртүрлі спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін спортшыларды ұстау бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімдігіне ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру, қайта атау және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және олардың Жарғыларын (ережелерін) бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;
1-1) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) аккредиттелген ұлттық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық спорттық жарыстарды өткізеді;
2-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қатысады;
3) спорт түрлері бойынша облыс командаларын даярлауды және олардың жоғары жетістіктер спорты бойынша республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
5-1) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;
6) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;
7) спортшыларға: «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат», 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;
8) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
9) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
10) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
11) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
13) олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
14) олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
15) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстарымен спорт түрлері бойынша облыс командаларының құрамдарын қалыптастырады және бекітеді;
15-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының, сондай-ақ облыс командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;
15-2) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен, облыс бөлінісіндегі спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін іске асыруды қамтамасыз етеді;
16) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
17) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
18) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
18-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
18-2) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе береді;
18-3) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен келіседі;
18-4) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлеуді жүзеге асырады;
18-5) спорттық медицина және оңалту ұйымдарының жұмысын ұйымдастырады;
18-6) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
18-7) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
18-8) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
18-9) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілейді;
18-10) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес облыста мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
18-11) облыста дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
19) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
2) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Басқарма қызметкерлерін заңнамада беліленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қоладанады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;
6) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.