
Облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын облыс халқының 43,5 пайызын қамтиды (297246 адам).
Жетісу облысында «Халықты 1000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі» көрсеткіші 70,5%-ды құрады.
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт
Қазіргі таңда, дене мүмкіндігі шектеулі тұлғалар шұғылданатын 24 спорт түрі бойынша «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» жұмыс істеуде.
Спорт түрлері бойынша айналысатын мүмкіндігі шектеулі адамдар саны 1598, ол облыстағы жалпы мүгедектер санының 13,1% құрайды.
Ұлттық спорт
Бүгінде ұлттық спорт түрлері бойынша 855 секцияларында жүйелі түрде 27 213 адам спортпен шұғылданады.