
Өңірде 1 146 спорттық құрылым жұмыс істейді (оның ішінде 13 стадион, 3 спорт сарайы, 4 спорттық құрылымдар кешені, 47 спорт кешені, оның ішінде 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 2 шаңғы базасы, 7 ату тирі, 17 хоккей корты, 1 017 жазықтық құрылым, 11 теннис корты,
1 ипподром және 21 бассейн бар).
Қазір облыста «Халықтың 1 000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі» көрсеткіші 70,5%-ды құрайды, бұл көрсеткіш 2022 жылға қарағанда 19,2 пайызға өсті. Биыл бұл көрсеткішті 71,4 пайызға жеткізу жоспарлануда (2022 жылы - 51,3 %, 2023 жылы – 52,8%, 2024 жылы – 64,1%, 2025 жылы – 70,5%, 2026 жылға жоспар – 71,4%).
Ағымдағы жылы облыс аумағында 4 ірі спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Оларды іске асыруға жалпы 6 млрд 165,3 млн теңге қарастырылған (Оның ішінде 1 млрд 105,7 млн теңге – жергілікті бюджеттен, 3 млрд 959,6 млн теңге – «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен, 1 млрд 100 млн теңге – демеушілік қаражат есебінен қаржыландырылуда).
Атап айтқанда:
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде облыс тұрғындарының заманауи спорт нысандарына қолжетімділігі артады.
|
Жетісу облысында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 1106 бірлік спорттық құрылымдар бар, оның ішінде 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені. |