
Жетісу облысында 39 спорт мекемелері жұмыс жасайды. Оның ішінде 25 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 61 спорт түрімен 21 935 спортшы шұғылданады.
Облысымызда спортпен жүйелі түрде 292 504 адам шұғылданады. Бұл облыс тұрғындарының 42% пайызын құрайды.
Жыл басынан бері өңірімізде 6000-нан аса әр түрлі деңгейдегі спорттық іс-шара өтті.
Облысымызда қазақ күресінен, ауыр атлетикадан және Бәйге түрлерінен Қазақстан Республикасы Чемпионаттары және тағы да басқа көптеген Республикалық және халықаралық турнирлар өткізілді.