Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес 2022 жылғы мамыр айының 16-сы күні сағат 15:00-де Панфилов ауданы Пенжім ауылдық округіне қарасты А.Розыбакиев атындағы орта мектептің мәжіліс залында өткен жиынның күн тәртібінде Пенжім ауылдық округінің атауын «Атамекен» ауылдық округі және Пенжім ауылының атауын «Атамекен» ауылы деп өзгерту туралы мәселе қаралып, облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсыну туралы шешім қабылданды.