«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 8) тармағына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы No 412 бұйрығына сәйкес.
Кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жергілікті атқарушы органдар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілейді.
Жұмыс орындарының квотасы – жергілікті атқарушы органдар белгілеген квотаға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмыс берушілер жұмыс орындарымен қамтамасыз ету;
Квота ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан ұйымдарға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге қызметкерлер тізім санының пайызымен белгіленеді.
Жұмыс берушілер – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға белгіленген квотаны орындайды. Жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкелген орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтері Заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда немесе жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатқан, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқарған, өнім көлемі қысқарған, өндіріс көлемі қысқарған, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкелген орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер.
«Аудан әкімдігінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы «2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды квота бойынша жұмысқа орналастыру үшін Панфилов ауданының мекемелер мен кәсіпорындардың тізімін бекіту туралы» № 875 қаулысына өзгерістер енгізілді. 2022 жылы 08 сәуірде № 141 қаулы қосымшасымен Панфилов ауданының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды квота бойынша жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленген кәсіпорындар мен ұйымдарға орындау үшін жіберілді.