Меню

Страницы

Статья

Алматы облысы Панфилов ауданы бойынша 2021 жылдың 12 айында мемлекеттік қызметтерді ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы.

2021 жылдың 12 айында Панфилов ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдары арқылы мемлекеттік қызметтердің 62 түрі көрсетілді.

2021 жылы жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 32355. Оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 0;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 763;
  • қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 16159;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 6241;
  • «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (ПЭП) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 6196;
  • «Е-лицензиялау» АЖ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 2996.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны, барлығы – 1111,  оның ішінде негізді бас тартудың саны – 1111, оның ішінде электронды түрде – 1094, қағаз түрде – 17. Негізсіз бас тарту тіркелген жоқ.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арыз, шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 105. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылған халық      саны – 1137.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы.

Бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес                2021 жылдың І тоқсанында жүргізілген бақылау іс-шараларының саны – 3.

I тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 3 («Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Панфилов ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ).

IІ тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 3 («Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Панфилов ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ).

IІІ тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 4 («Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Панфилов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Панфилов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ).

IV тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 4 («Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Басқұншы ауылдық округі әкімінің        аппараты» ММ, «Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ).

           І тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 1, оның ішінде мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер саны – 1. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың        саны – 1, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері – 1.

          ІІ тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 0. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 0.

          ІІІ тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 0. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 0.

           ІV тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 7, оның ішінде бизнес-процесстер бұзылып көрсетілген қызметтер саны – 7. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 2, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері – 2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда стенд жасалып, қағидалардың мәтіні ілінген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз, шағымдар болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс телефондары жазылып, арнайы жәшік қойылған.

Аудан әкімдігінің фойесіне, Жаркент қаласы және ауылдық округтерде, мектептерде, балабақшаларда, жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, венеринария бөлімі және медициналық мекемелердің дәлізіне қызмет алушыларға арналған бұрыштар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты бейнероликтер көрсетілетін теледидар, е-гов арқылы қызмет алу үшін картридер, принтер, компьютер) жасақталған. Жаркент қаласы және ауылдық округтердегі бұрыштар арқылы барлығы 14735 (I тоқсанда 1271, IІ тоқсанда 6990, IІІ тоқсанда 4048, IV тоқсанда 2426) қызмет алынды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар туралы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халық арасында насихаттау мақсатында 283 іс-шара өтіп 48245 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 41041 тұрғынға кітапша таратылды. Аудандық «Жаркент өңірі» газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу тәртібі бойынша 103 мақала жарияланды. Электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету мақсатында аудан бойынша 14 билборд ілінді.

          Панфилов ауданы бойынша «Сервистік әкімдік» Жаркент қаласы әкімдігінің ғимаратында 2020 жылдың 8 желтоқсанында ашылды.

         Сонымен қатар, Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысында 2021 жылдың 23 ақпанында Айдарлы ауылдық округінің әкімінің у.м.а. Р.Қадырованың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы есебі», 2021 жылдың 25 мамырында Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі Е.Нұрахметовтың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы есебі», 2021 жылдың 23 шілдесінде Панфилов ауданының жолаушылар көлікі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Саурықовтың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы есебі», 2021 жылдың 16 қарашасында Үлкеншыған ауылдық округінің әкімі Е.Тұмақбаевтың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы есебі» қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша білімін жетілдіру курсына 7 маман қатысып, сертификат алды.

Дата публикации
22 апреля 2022
Дата обновления
22 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Жетісу облысында дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі танымал болып келеді
Ақпарат
05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды
Ақпарат
01 октября 2026
БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

Социальные медиа

• Instagram
• Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы