Қазақстан Республикасы бойынша тіркелмеген
ауыл шаруашылық жануарларын тіркеуге
рақымшылық жариялауға қатысты
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) келесіні хабарлайды.
Министрлікпен республика аумағында тіркелмеген ауыл шаруашылығы жануарларының санын анықтау бойынша жедел деректерді жинау және талдау бойынша жұмыс жүргізілді.
Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) облыстық аумақтық инспекцияларының ақпараты бойынша, қазіргі таңда елімізде тіркелмеген ауыл шаруашылық жануарларының саны 432 024 басты құрайды, оның ішінде:ІҚМ - 168 953 бас, ҰҚМ - 198 788 бас, шошқа - 1 512 бас, түйе -
6 397 бас, жылқы - 56 374 бас(деректер нақтылануда).
Өткен жылы (Маңғыстау облысында) туындаған жағдайды болдырмау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында бірдейлендірілмеген жануарларды заңдастыру мақсатында Министрлік шаруашылық бойынша есепке алу кітабындағы деректердің негізінде ағымдағы жылдың 1 ақпан мен 31 мамыр аралығында АШЖБ дерекқорында «Жасыл дәліз-3» ашу туралы шешім қабылдады.
Осыған байланысты, статистикалық деректер мен АШЖБ деректерінде ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша ақпараттың алшақтығын болдырмау мақсатында, Сіздерден коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп, статистикалық деректерді жаңарту бойынша облыстардың Статистика департаменттерімен қатар жұмыс жүргізуді ұйымдастыруға жәрдем көрсетулеріңізді сұраймыз.