Аудан аумағы 10,58 мың шаршы шақырым құрайды.
Аудан халқының саны 2022 жылғы 1 наурызға 131,5 мың адам.
Елді мекендердің саны: 1 қала, 41 ауылдық елді мекен, 13 ауылдық округтер.
Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар- 87,1 мың адам (66,22%), ұйғырлар- 38,0 мың адам (28,93%), орыстар-4,5 мың адам (3,43%), басқалар-1,9 мың адам (1,42%).
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,3 млрд.теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 109,7% құрады. Облыстық өнеркәсіп өндірісіндегі ауданның үлесі – 1,6%.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 5,3 млрд.теңге, нақты көлем индексі 104,1% құрады. Облыстық жалпы өнімдегі үлесі – 4,5% болды.
Мал шаруашылығында ет 3321 тонна өндіріліп, былтырғы жылдың сәйкес мерзіміне (100,4%) құрады, сондай-ақ, сүт 8503 тонна (112,0%), жұмыртқа 1611 мың дана (115,5%) құрады.
Ірі қара малының саны 83,0 мың бас (87,2%), қой мен ешкі 275,2 мың бас (75,5%), жылқы-20,0 мың бас (101,4%) және құс – 95,1мың бас (105,9%) құрады.
Ауданның шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 8987 субъекті жұмыс істейді. Оның ішінде: шағын кәсіпорындар саны (заңды тұлғалар) – 584, жеке кәсіпкерлер саны – 3377, шаруа қожалықтары – 5026.
Бүгінгі күні кәсіпкерлікте 14464 адам жұмыспен қамтылған. Шағын және орта бизнестен түскен бюджеттік төлемдер 433,2 млн. теңге.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 3,2 млрд.теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,6% құрады. Облыс көлеміндегі ауданымыздың үлес салмағы – 2,8%.
Инвестиция саласы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 2,3 млрд.теңге, нақты көлем индексі 53,9%. Облыс көлеміндегі ауданымыздың үлес салмағы – 2,4%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 345,8 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 22,3%. Облыс көлеміндегі ауданның үлес салмағы – 1,2% құрап отыр.
Тұрғын үйлерді іске қосу бойынша 9283 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 115,8% құрады. Облыс көлеміндегі ауданның үлес салмағы – 4,1% құрап отыр.
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 3,6 млрд.теңге жиналып, болжам 98,4%-ке орындалды, оның ішінде: республикалық бюджетке 1,8 млрд.теңге немесе 91,6%, жергілікті бюджетке 1,8 млрд.теңге немесе 106,2%, аудандық бюджетке 1,1 млрд.теңге жиналып, жоспар 104,5%-ке орындалды.
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысына сәйкес аудан бюджетінің шығындары 2,1 млрд.теңгені құрап, қаржы игеру 85,8%-ке орындалды.
Халықты жұмыспен қамту бойынша жұмысқа орналасуға 966 адам өтініш білдірді, оның ішінде бүгінгі күнге 665 адам (68,8%) жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыспен 435 адам, әлеуметтік жұмыспен 92 адам қамтамасыз етілді. Есепті мерзімде 899 жаңа жұмыс орындары ашылды. Мемлекеттік атаулы көмек аз қамтылған 1194 отбасына (6618 адамға) 150,0 млн.теңге тағайындалып, төленді.
Орташа еңбекақы 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында – 190 466 теңге мөлшерінде белгіленіп отыр.
Білім саласы бойынша ауданда 45 орта, 1 негізгі және 4 бастауыш мектеп әрекет етеді. Онда 26403 оқушы оқиды. Мектепке дейінгі мекемелер саны- 90, оның ішінде: мемлекеттік балабақшалар -12, жекеменшік балабақшалар – 49, мектептер жанындағы шағын орталықтар -29. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу деңгейі-99,0%.
Денсаулық сақтау саласы бойынша аудан тұрғындарына 1 аудандық орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана, 16 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункті және медициналық пункті, 5 жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдары қызмет көрсетеді.
Онда 206 дәрігер, 1106 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 15,9 және орта медициналық қызметкерлермен 84,0 құрайды.
Автомобиль жолдары бойынша Панфилов ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 881 шақырымды құрайды, оның ішінде: 153 шақырымы республикалық маңызы бар, 197 шақырымы облыстық маңызы бар, 531 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар (көшелер),оның ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар 364,7 км (68,7%).
Сумен жабдықтау және су бұру орталықтандырылған сумен 41 елді мекен қамтылған (97,6%), орталықтандырылмаған сумен - 1 (2,4%).
Құқықтық тәртіп бойынша ауданда 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 141 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда -3,4%-ке азайды. Қылмысты ашу 94,8% құрады (2021 жылғы 3 ай-92,0% болған).